Білім беру саласындағы құқықтық өзгерістер дөңгелек үстелде талқыланды
2025 жылғы 5 желтоқсан күні, сағат 12:00-де Манап Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Құқықтану пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен
«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында «Білім туралы» заңына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін арнайы Комитет құру, білім беру ұйымдары басшыларының құзыретін кеңейту және олардың жауапкершілігін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының өкілдері – заң ғылымдарының кандидаты Имашев Ботабек Есенбекович және аға оқытушы Ахмет Сайрамбай Үмбетұлы қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
