ҚР ІІМ қызметкерлерінің құқықтық даярлығы: Б.Момышұлы атындағы оқу орталығындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен заң мен тәртіп қағидаты аясында «Құқық қорғау органдары қызметінде дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолданудың құқықтық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға Орталық Азия инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Шеримова Нұрзат Шайырбекқызы қатысып, белсенді еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін дипломмен марапатталды.
Бұл іс-шара құқық қорғау органдарының қызметіндегі маңызды құқықтық мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды.

Share this Post