Студенттерге арналған құқықтық кездесу өтті
2025 жылдың 7 қазанында Орталық Азия Инновациялық университетінде Тұран аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі өкілдері – полиция лейтенанты А. Арынбек және полиция аға лейтенанты М. Турлыбаевтың қатысуымен студенттерге арналған ақпараттық-түсіндірме кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін нашақорлық, интернет алаяқтық, буллинг және құқық бұзушылық сияқты өзекті мәселелер талқыланып, олардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері студенттерге құқықтық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік мәдениеті және өзара сыйластық принциптері туралы маңызды ақпарат беріп, практикалық мысалдармен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және заңға бағынушылыққа тәрбиелеу болды.
