Академиялық мобильдік: Қазақстан мен Өзбекстан университеттері арасындағы тәжірибе алмасу

Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында университетімізге Өзбекстан Республикасының Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілі, PhD докторы Е.Т. Кененбаев іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында ол 7М01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға дәрістер оқып, ғылыми-әдістемелік кеңестер берді.

Дәрістер заманауи лингвистика мен геймификация мәселелеріне арналды, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасында ғылыми тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Бұл іс-шара академиялық ұтқырлықтың маңыздылығын айқындай отырып, халықаралық әріптестікті дамытуға, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға және білім беру сапасын жетілдіруге ықпал етеді.

Share this Post