ОАИУ СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЫРҒАҒЫНДА

Орталық Азия инновациялық университетінің студенттері үшін бүгін алғашқы ресми іс-шара өтті. Университет басшылығы ЖОО-ның ішкі тәртіп ережелерін, академиялық мүмкіндіктерін, ғылыми, мәдени және әлеуметтік өмірін таныстырды. Профессорлық-оқытушылық құрам оқушыларға ОАИУ-нің күнделікті жұмысы мен оқу барысын түсіндірді. Алға сөзді алған әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Хайдаров Нұрлан Шахизиндаұлы сөз сөйлеп, құттықтады. Сондай — ақ ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауын кеңінен түсіндірді. Әрмен қарай  білім алушыларға «Педагогика және тілдер» факультетінің деканы Сыдыкова Зухра Ештайқызы , “Жаратылыстану-ғылыми” факультетінің деканы Абишов Мухтар Сайлаубаевич, «Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық» бөлімінің басшысы Абдуманап Абдумажитұлы студенттің ережелері,білуі тиіс қағидалар мен киім кию үлгісін сондай ақ, шетелде оқу мүмкіндіктері жайында түсіндірді. Сондай-ақ, тест орталығының жетекшісі Иманқұл Нұржан Бауыржанұлы алақан жүйесіне тіркелу жолдарын айтып өтсе, кітапхана меңгерушісі Тоқсанбаева Дамира Несіпбайқызы кітапхана ісі,кітаптар қоры, кітапханаға тіркелу бойынша толыққанды ақпарат берді. Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Қарсанбеков Ракатбек Нұржанұлы — білім алушыларды студенттің өзін- өзі басқару ұйымының жұмысымен таныстырып, ұйымдар жайында айтып өтті.Алдағы уақытта білім алушыларды бірігіп жобалар ұйымдастыруға шақырды.

Айта кету керек, бұл — университет жастарының студенттік өміріндегі алғашқы қадам және үлкен жетістіктерге бастайтын жол! Педагогтар оларға оқуда, ғылым мен шығармашылықта табыс тіледі!

Share this Post