Бүгін оқу ордамызда ақпараттық кездесу өтті
Оқу ордамызға Шымкент ҚПД Тұран АПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы және жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары, полиция капитаны Бегімбетов Құдайберген Төлегенұлы арнайы келіп, 1-курс студенттерімен кездесті.
Кездесудің басты тақырыбы — нашақорлықтың, буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Студенттерге:
- буллингке тап болған жағдайда қайда хабарласу,
- нашақорлықтан сақтану жолдары мен оның салдары,
- құқықбұзушылық кезіндегі іс-әрекеттер,
- жолда жүру ережелері, соның ішінде самокатпен жүру тәртібі жөнінде толық ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.
Алдағы уақытта да осындай ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

