ОАИУ БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

1 қыркүйек – Білім күніне орай, Орталық Азия Инновациялық университетінде мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік шараның алғы сөзін ашып, білім алушыларды құттықтаған университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы – «РЕКТОР ГРАНТЫН» жеңіп алған білім алушыларды марапаттап, арнайы СЕРТИФИКАТ табыс етті. ГРАНТ иегерлерлерінің  арасында университет тарапынан ұйымдастырылған пән аралық білім олимпиадаларының жеңімпаздары, ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы сертификаттарын жеңіп алған білім алушылар мен ұлттық біріңғай тестен ең жоғары балл жинаған білім алушыларымыз да бар. Шара барысында білім алушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, университеттің мерекелік кешіне арнайы келген  Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы  Аружан Русланқызы білім алушыларды құттықтап, бірқатар білім грантының иелеріне сертификаттар табыстады.

Share this Post