«Бизнес және туризм» кафедрасы Абай ауданы әкімдігімен бірлесіп Президент Жолдауын талқылады

Орталық Азия инновациялық университеті «Бизнес және туризм» кафедрасымен Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппараты бірлесе отырып, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімнде іс-шара өткізді.   Іс-шараға кафедра оқытушысы Б.Натбай мырза қатысып,жолдауға байланысты пікірімен бөлісті:

   2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің даму Стратегиясының жаңа кезеңдері, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, жеделдетілген цифрландыру және саяси жүйені жаңғырту мәселелері белгіленді.

      Президент өз сөзінде экономиканы әртараптандыруға, жаңа технологияларды енгізуге, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басым міндеттерді айқындады. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Share this Post