Академиялық ұтқырлық

«Академиялық ұтқырлық»  бағдарламасы шеңберінде Навои мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан, Навои қ.) мен “Практикалық ағылшын тілі” және “Ағылшын тілі мен әдебиеті” кафедраларының ұйымдастыруымен, “English for Specific Purposes”, “Teaching Integrated Language Skills” және ” Integration of Language skills” пәндері бойынша ”  2024 жылдың  22 сәуір мен 25 сәуір аралығында, педагогика ғылымдарының кандидаттары, Орталық Азия Инновациялық университетінің (Қазақстан, Шымкент қ.) Тілдер және әдебиет кафедрасының доценттері Назарова Ғазиза Жалдыбаевна мен Гурбанова Арзу Арифовна Навои қаласында 6011180 – Шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) және 7011180 Шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) мамандықтарының студенттері мен магистранттарына дәріс және семинар сабақтарын өткізді.

Дәрістер мен семинарларда интерактивті әдістер, тіл мен әдебиетті оқытудың заманауи тәсілдеріне сүйене отырып, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту технологияларының жаңа нысандары қолданылды.

Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының кандидаттары, Орталық Азия Инновациялық университетінің (Қазақстан, Шымкент қ.) Тілдер және әдебиет кафедрасының доценттері Гурбанова Арзу Арифқызы мен Назарова Ғазиза Жалдыбайқызы мен 6011180 – Шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) және 7011180 Шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) мамандықтарының оқытушылары мен магистранттарына ” Шетелдік журналдарда индекстелетін ғылыми мақалалардың жарияланымдары туралы ” тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Сонымен қатар, НавМПИ оқу жөніндегі проректоры Г.Р. Едгоровпен және ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Н.Г. Нарзикуловамен кездесуде магистранттардың ғылыми жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы және шетелдік ғылыми кеңес беруші тағайындау жөнінде шарттарға қол қою үшін сәтті келіссөздер жүргізілді.

Тәжірибе алмасу және одан әрі ынтымақтастық мақсатында екі жоғары оқу орнының тілдер және әдебиет кафедрасының доценттері Назарова Ғ.Ж. мен Гурбанова А.А. Орыс және Қазақ әдебиеті факультетінің деканы Шамсиева Дилорам Мардоновнамен, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жұмаева Феруза Рузиевнамен және Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлбану Күнтуарқызы Құмақбаевамен кездесулер өткізді. Сондай ақ Назарова Ғ.Ж. және Гурбанова А.А. «Орыс және Қазақ әдебиеті» факультетінің дарынды студенттерінің семинарына қатысып өз ойларымен бөлісті.

НавМПИ ПОҚ, 6011180 – Шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) және 7011180 шет тілі мен әдебиеті ( Ағылшын тілі) мамандықтары бойынша білім алушылардың студенттері мен магистранттары Қазақстандық жоғары дәрежелі педагогтардың баға жетпес тәжірибесіне ие болды және біздің доценттеріміздің жемісті жұмысының нәтижесінде университетіміздің шет елмен ғылыми өзара қарым қатынасты дамытуға жаңа перспективалық мүмкіндіктер ашылды.

Share this Post