Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

ОАИУ-де жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  Бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге мемлекеттік органдардың, жетекші отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, университеттің түлектері мен студенттері қатысты, осылайша 70-тен астам жұмыс беруші өз ұсыныстарын айтты. Басты мақсат-ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынды, содан кейін түлектердің портфолиосымен танысты және сол жерде жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді алдын ала іріктеуді жүзеге асырды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары түйіндеме жасау, сұхбатқа дайындық бойынша мастер-класстар өткізді, еңбек нарығындағы үрдістер туралы айтып, кәсіптік бағдар беру саласында тестілеу өткізді.

Оқу барысында біздің студенттер жеке өсу тренингтерінен өтеді, қосымша дағдыларды, шет тілдерін меңгереді, осыған байланысты олар еңбек нарығында лайықты бәсекелестікке қол жеткізе алады. Бұл жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың жоғары пайызын растайды.

Жұмыс берушілер дайындық бағыттары бойынша бөлініп, 6 секцияда студенттерді ұсынылған жұмыстың ерекшеліктерімен және бос орындармен таныстырды. Өз кезегінде студенттер жұмыс берушілер алдында өз портфолиолары мен түйіндемелерін таныстырды.

Жұмысқа орналасу үшін  түйіндемелер  және Шымкент қаласының компанияларында тағылымдамадан өту  үшін  түйіндемелер іріктелді.

Share this Post