Мамырдың 1-8 аралығында БАӘ-нің Абу – Даби қаласында ересектер арасында Джиу-джитсудан Азия чемпионаты өткен болатын. Біздің студентіміз Мырзабеков Бақдаулет осы чемпионатта жүлделі ІІ – орынға ие болды.
Құттықтаймыз білім алушымызды!


Университетімізден тағы бір жағымды жаңалық. Биыл ғана университет қабырғасынан ұшқалы тұрған түлегіміз МОЛДАКӘРІМ БЕЙБАРЫС – Жекпе – жек ұлттық спорт түрінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Жамбыл аудандық ашық біріншілігінде 70 кг салмақ дәрежесінде ЖҮЛДЕЛІ І – ОРЫН иеленді. БҮГІН студентімізді университет ректоры А.С.Ажидинов қабылдап, сәттілік тіледі.


Мамырдың 11-12 күндері Д.Қонаев қаласында ТРИАТЛОННАН (спринт қашықтықта) U23 санатындағы ҚР ЧЕМПИОНАТЫ өтті. Осы чемпионатта Біздің “Құқықтану “ білім беру бағдарламасының білім алушысы
ӘБУСЕИТ ӘЛИХАН ЕРЛАНҰЛЫ жүлделі ІІ-ОРЫНға табан тіреді. Күміс медаль иегерін шын жүректен құттықтаймыз!

Share this Post