“ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ”тақырыбында арнайы құзырлы органдардың қызметкерлері мен студенттер арасында кездесу өтті

* Студенттермен кездесу барысында модератор болған Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы
Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы. Сонымен бірге шара барысында студенттеріміз:
* Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы
Орынбеков Заманбек Оралбекұлының,
* Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Әлжан Дінислам Русланұлының,
* ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлының, сонымен бірге
* Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дәулетұлы Көбей мырзаның баяндамаларымен танысып, арнайы дайындалған бейне роликтерін көрді.
* Іс – шарада студенттер өздерін қызықтырған сұраққа жауап алып, өзара диалог қалыптасты. Қатысушылар арасында өзара кері байланыс орнады.
* Соңынан ОАИУ-нің тәрбиеісі жөніндегі проректоры Хайдаров Нұрлан Шахизиндаұлы қорытындылап,қатысушыларға алғысын білдірді.

Share this Post