Мектептерінің түлектері арасында ағылшын тілі пәнінен Олимпиада өткізді

22 ақпанда Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылындағы Орталық Азия инновациялық Университеті Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетов атындағы мектеп базасында аудан мектептерінің түлектері арасында ағылшын тілі пәнінен Олимпиада өткізді. Бұл іс-шара Түркістан облысының аудан орталықтарында пәндік олимпиадаларды, конкурстарды танымал ету шеңберінде жыл сайын дәстүрлі болып табылады, сондай-ақ мектеп оқушылары мен түлектерін Орталық Азия инновациялық университетінің қызметімен таныстырады. Іс-шара аудандық білім бөлімінің қолдауымен “Тілдер” кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Аталған байқауға ауданның 33 мектебінен 36 қатысушы қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті, тапсырмалар 30 сұрақтан 10 нұсқада ұсынылды. 1 кезеңнің жеңімпаздары мектептердің 6 қатысушысы болды. 2 кезеңге қатысушылар ағылшын тілінде эссе тапсырды. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша Нысанбайұлы атындағы мектептің қатысушысы Алиаскар Айгүл ОАИУ білім беру грантының иегері және жеңімпаз атанды, жетекшісі Аширали Б., 2 орын және сертификатты Күнгебай Адеми, жетекшісі Шегебаева А, А. Ерназаров атындағы мектеп, 3 орынды Ақан Бигул, жетекшісі Өтебек А. Д. А. Қонаев атындағы мектеп алды.

Университет атынан аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырғаны үшін университеттің ҒЗО бастығы М.А. Жаркинбеков, ҒЗО ғылыми қызметкері  М.И.Ақылбаев Сағадат Нұрмағанбетов атындағы мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөліміне алғыс білдірді.

Share this Post