Біздің спорттық жетістіктеріміз

Алматыда 22-24.02.2024ж күндер аралығында Алматы қаласында ересектер арасында комбат джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Осы чемпионатта біздің 1-курс студентіміз Кадешов Нурсултан 57 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды 1 – орын Қазақстан чемпионы.

22-24.02.2024ж күндер аралығында Алматы қаласында ересектер арасында комбат джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталған шарада ОАИУ-ң 4курс студенті Мырзабеков Багдаулет 93кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Құтты болсын!!!

Ағымдағы жылдың 23-25 ақпан аралығында Жастар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осы чемпионатта біздің “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушысы Шайхыслам Бауыржан жүлделі ІІ – орынды жеңіп алды. Жеңісті күндерің көп болсын деген тілек білдіреміз мақтанышымызға!

Share this Post