Оқытушыларымыздың сабақ беру тәсілін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған семинар

Оқытушыларымыздың сабақ беру тәсілін жақсарту мақсатында ұйымдастырылып жатқан семинар апталығы әлі де жалғасуда. Бұл жолы – “Биология пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктері” тақырыбында шеберлік сыныбын және «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі», ” Сабақ және сабақтың түрлері. Бағалау және бағалаудың түрлері” тақырыптары кеңінен талқыланды. Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Медетова Лаура Сухраповна мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Айдосова Айгүл Ерубаевна жүргізссе, Орталық Азия инновациялық университетінің профессор- оқытушылары қатысты.

Share this Post