Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/caiu.kz/wp-content/themes/agama-pro/framework/agama-functions.php on line 628
Университетімізде оқытушылардың тәжірибесін көтеру мақсатында өткізіліп жатқан «Сапалы білім беру» атты оқу-әдістемелік семинар аясында 2024 жылдың 16 қаңтарында Тілдер және әдебиет» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Даулеталиева Динара Мыктыбаевна «Білім берудегі геймификация» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар тақырыбы білім беруде заманауи технологияларды, әртүрлі ойын элементтерін, бағдарламаларды оқу процесінде қолдану арқылы оқытушылардың зияткерлік шеберліктерін дамытуға септігін тигізу. Білім алушыларды оқу процесіне тарту – Қазақстандағы білім беруде геймификацияны енгізудің негізгі мақсаттарының бірі.
Семинар барысында кинофильмдерден үзінділер көрсетіліп сабақта қолдану әдісі туралы айтылды. Сонымен қатар, бағдарламаларды пайдалану арқылы бейнедәріс жасау үлгілері көрсетіліп, оқытушылар арасында пікірталас пен тренингке ұласты. Семинар-тренинг жоғары дәрежеде өтті.
Share this Post
Учишься сегодня – лидируешь завтра
Подпишитесь на рассылку
Әлеуметтік желілер
Warning: Undefined variable $back_to_top in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/caiu.kz/wp-content/themes/agama-pro/footer.php on line 40