“Бәсекеге қабілетті жас маман” білім алушылар байқауы

Білім алушылардың зияткерлік әлеуетін көтеру мақсатында 16.11. 2023ж.  күні ОАИУ-де «Бәсекеге қабілетті жас  маман»   атты   білімгерлер сайысы өтті.    Сайысқа экономикалық  мамандық 1, 2, 3 курстарының білім алушыларынан   құрылған   «Бүркіт», «KAIZEN», «Жалын», «Миллион» командалары қатысты. Алғы сөз сөйлеген  университеттің ректоры, т.ғ.к., профессор А.С. Ажидинов    «Экономика және басқару»  кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан   дәстүрлі  бұл сайысты жастардың бәсекелік  қабілетін шыңдауына қолдау көрсету деп атап,  қатысушыларға  сәттілік тіледі.  Командалар таныстыру,   тесттік тапсырмалар, экономикалық есептер және  «Шаруашылықты шебер жүргізу»  турлары бойынша сайысқа түсті.

Командалар берілген тапсырмаларды орындау барысында алғырлық, тапқырлық танытып,  ойларын жан-жақты тұжырымдауға тырысты. Командалар экономикалық, қаржылық сауаттылық, таным жоғары деңгейлерін көрсетті.  Әділ қазылар  төрағасы  ОАИУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры Н.Ж. Дуйсенов  әрбір топтың жауаптарына қатысты  пікір білдіріп,  әділ бағаларын берді.  Төрт кезеңде жинаған ұпай саны бойынша жүлделі ІІІ орынға «Жалын» және «Миллион» командалары  ие  болса, ІІ орынға «KAIZEN» командасы, І орын «Бүркіт» командасына берілді. командаларға марапат табысталды.  Сондай-ақ  жүргізушілер  оқу ордамыздың  белсенді білім алушылары  Мурат Ж., Турдиева Д. сайысты жоғары деңгейде жүргізе білді.

Share this Post