«Қазақстанның ұлттық валютасы: мемлекеттік тәуелсіздіктің нышаны»  тақырыбында  дөңгелек үстел

«Экономика және басқару» кафедрасының  ұйымдастырған білім апталығы аясындағы   іс-шаралар   жоспар бойынша өткізілуде. 15.11.2023 күні   төл теңгеміз қолданысқа енген жылдардан бері отандық қаржы саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер, банк мамандары  университетімізге арнайы келіп,  болашақ қаржыгерлермен кездесті. Дөңгелек үстел  Мемлекеттік әнұран айтумен басталды. Алғаш сөз алған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің  басшысы Балабекова Дина  Бұркітбайқызы  Ұлттық валюта күнімен, қаржыгерлер күнімен дөңгелек үстелге қатысушыларды  құттықтады.

       Тұрғын үй құрылысы, сақтандыру банкі, Шымкент филиалының басшысы, ардагер маман   Менлибеков  Айдарбек Омарбекович, бас бухгалтер қызметін атқарған, бүгінгі күні зейнеткер Чекаева Дуйсенкуль Толеуқызы   Ұлттық валютамыздың тарихына, ұлттық валютаның тұрақтылығы – мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторы тақырыбында әңгіме өрбітіп, теңгенің рөлі жайында ой-пікірлерін ортаға салды.  Келесі кезекте  сөз алған Отбасы банкінің лидер-кеңесшісі Ускенбаева Жанара Максутовна  валюта күнімен қатысушыларды құттықтап, банктік өнімдер мен қызметтер саласында кеңестер  беріп, қаржылық қызметтер саласындағы ең жақсы шешімдерді ұсынуға,  жастарды қаржыны дұрыс басқаруға шақырды. Оқытушылар мен  білім алушылар тарапынан берілген сұрақтарға  толыққанды жауаптарын алып,  мамандар   пікір алмасты. Кеш соңында  «Экономика және басқару» кафедрасының  меңгерушісі,  э.ғ.к. А.А. Камалов университет ректоры А.С.Ажидиновтың атынан келген қонақтарды алғыс хатпен марапаттады.

        Рухани азық беретін осындай іс-шаралар  жастардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігі мол болмақ. Университетімізде өткен бұл кездесуден оқытушылар мен білім алушылар  ерекше әсермен тарқасты.

Share this Post