Туризм күні

«Қаржы, бухгалтерлік есеп және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 2023 жылы қыркүйек айының 23-29 жұлдызы аралығында апталық өту жоспарланды. Осыған байланысты А.Асқарова атындағы Дендросаябағында 2023 жылдың қыркүйек айының 23-ші жұлдызында, сағат 11:00-де, Орталық Азия инновациялық университетінің жастар ұйымының белсенді жастары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында «Туризм» және «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша білі алушылар, сондай-ақ «Парасат» колледж және «Мирас» университетінен командалар сайысқа түсті.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-курс Турк 23-1 тобының білім алушылары І орынды иеленді.
«Парасат» колледжінің «Туризм» мамандығының студенттері ІІ орынға ие болды.
Мирас университетінің «Қонақ үй бизнесі және мейрамхана бизнесі» БББ білім алушылары ІІІ орынға ие болды.
«Бастапқы әскери дайындық» БББ білім алушылары ІҮ орынға ие болды.
Сайысқа қатысушы командалар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Share this Post