Профессор, физика – математика ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямов қонақ дәрісін өткізді

Ағымдағы жылдың 21-27 қыркүйек аралығында Орталық Азия Инновациялық университетінде, 6В01509-Математика, 6В01512-Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6В01511 – Информатика және робототехника, 6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау, 6В01507 – Физика-информатика  білім беру бағдарламалары үшін “Динамиканы модельдеу және бағдарламалық байланыстары бар жүйелерді басқару” курсы бойынша профессор, физика – математика ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямовтың қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында ол динамикалық ұқсастық тақырыптары, кері динамика есептері, бағдарламалық байланысы бар жүйелер динамикасы теңдеулерін шешудің сандық әдістері және шешімдердің белгілі қасиеттері бойынша динамика теңдеулерін құру туралы толық және жүйелі түсінік берді. Дәрістің презентациялық және мазмұндық материалы “Математика, физика және информатика” кафедрасының білім алушыларымен профессор-оқытушылар құрамының қызығушылығын тудырды.

Соңғы күні  университет атынан алғыс сөздерін ректор Ажидинов Ақмалдин Сапардинович білдірді және лекторға алғыс хат табысталып, иығына шапан жабылды.

  

Share this Post