SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы

2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Орталық Азия Инновациялық Университеті жанынан Шымкент қаласы бойынша «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдігі ашылды
Өкілдік өз қызметін 2010 жылғы 04 мамыр айындағы «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің жарғысымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы заңнамасына, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Бірлестік қызметінің мақсаты:
– Мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда тұтынушылардың мүдделерін білдіру;
– Тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
– Азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
– Корпоративтік істі тиімді жүргізу туралы ақпарат пен тәжірибені тарату, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
– Бірлестік мүшелеріне гранттар, кредиттер алу және инвестициялар тарту үшін жобалар әзірлеуге жәрдемдесу;
– Бірлестік мүшелеріне кеңес беру қызметін ұйымдастыру.
Орталық Азия Инновациялық Университеті жанынан Шымкент қаласы бойынша «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі өкілдігінің директоры «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Ахмет Сайрамбай Үмбетұлы. Байланыс телефоны: 8 747 301 17 88.

Share this Post