«Ерлік ұмытылмайды» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ардагерлердің жастармен  кездесуі өтті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар  істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Орталық Азия нновациялық университетінде «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ардагерлердің жастармен  кездесуі өтті.

Жобаның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, ержүрек ардагерлерді жақынырақ таныстыру арқылы жастардың патриоттық сезімдерін жоғарлату, Отанына деген елжандылық пен сүйіспеншілік сезімдерін  арттыру. Бойларында Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілеттерін жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Кездесуге Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері – Базаров Ишболат Ергешович, Шаметов Нұрлыбек Кидиралиевич қатысып, жастарға 40 жылдан бері құпия сақталған ядролық полигондағы жасалынған сынақтар және оның зардабы туралы ақпарат айтып, өздерінің сол кездегі көрген-білгендерімен бөлісті.

Share this Post