Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің аитв/житс-тың алдын алу және спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандармен кездесу өтті

🗓 Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Орта Азиялық Инновациялық университетінде жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

🔹️ Кездесудің мақсаты – АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.



🔰 Аталмыш кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уә…
[19:10, 20.09.2023] Оразымбеттің қызы НАҒИМА: Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар  істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Орталық Азия нновациялық университетінде «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ардагерлердің жастармен  кездесуі өтті.

Жобаның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, ержүрек ардагерлерді жақынырақ таныстыру арқылы жастардың патриоттық сезімдерін жоғарлату, Отанына деген елжандылық пен сүйіспеншілік сезімдерін  арттыру. Бойларында Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілеттерін жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Кездесуге Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері – Базаров Ишболат Ергешович, Шаметов Нұрлыбек Кидиралиевич қатысып, жастарға 40 жылдан бері құпия сақталған ядролық полигондағы жасалынған сынақтар және оның зардабы туралы ақпарат айтып, өздерінің сол кездегі көрген-білгендерімен бөлісті.

Share this Post