Жастардың діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруыммен Орта Азиялық Инновациялық университетінің жастары арасында Лудаманияның зияндығын насихаттау және діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.

Кездесуде Әл-Муслим мешітінің имамы Solih құран жаттау қайырымдылық мекемесінің дирокторы Байниязов Серғали Жақсынұлы және Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ студенттерге ойынқұмарлық, лудомания, алаяқтық туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.

Share this Post