Дене шынықтыру және спорт бойынша пәндік олимпиада

Бүгін, яғни 07 сәуір күні Орталық Азия Инновациялық университетінің «Шығармашылық» факультеті, «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: Салауатты ұрпақ, жаңашыл маман» атты 6В01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 курс білім алушылары арасында пәндік олимпиада өтті.
Аталған іс-шараға университеттің бірінші проректоры, т.ғ.к., профессор Ажидинов А.С., және кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы мен білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.
Олимпиада үш кезеңнен өтті.
Бірінші кезең – Жалпы орта мектеп бағдарламасына енгізілген мамандық пәндері бойынша;
Екінші кезең – Ұлттық спорт және ұлттық айын түрлері пәндері бойынша;
Үшінші кезең – Олимпиадалық спорт түрлері пәндері бойынша өте қызықты әрі тартысты өтті.
Жарыста 3 команда қатысты: «Кемел болашақ», «Бірлік» және «Достық» командалары. Үш кезеңнен тұрған аталмыш пәндік олимпиадада ерекше басымдылықпен «Бірлік» командасы бірінші орынды жеңіп алды, «Достық» командасы ІІ-дәрежелі дипломмен ал «Кемел болашақ» командасы ІІІ-дәрежелі дипломмен шектелді.
Командалар сайыста өздерінің алған теориялық білімдерін жарыққа шығара алды. Барлық қатысушылардың арасынан өзінің ерекше тапқырлығымен ФКСк 21-3һ тобының білім алушысы Сақыбек Құрбанай көзге түсіп «Тапқыр білім алушы» номинациясымен және команданы жоғары дәрежеде ұйымдастыра алған «Достық» командасының капитаны, ДШ-03 тобының білім алушысы Кәрім Айшабибі «Үздік команда капитаны» номнациясымен марапатталды.
Пәндік олимпиаданы қорытындылау мақсатында университеттің бірінші проректоры А.С.Ажидинов мырза сөз сөйлеп білім алушыларға алдағы қойған мақсаттары жолында аянбай еңбек ету, білім алу және өз үстінде жұмыс жасау керек екендігін ескере отырып білім алушыларға сәттілік тіледі.

Share this Post