IT саласы бойынша олимпиада

Білім алушыларды IT саласына қызықтыру және кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында «Математика, физика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен 30.03.2023 күні IT саласы бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға жалпы 3 білім алушыдан құралған 6 команда қатысты. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық – экономикалық колледжінен де білім деңгейлерін бағалауға және тәжірибе алмасуға SCRIPT тобы қатысты. Университет қабырғасынан 5 команда: ақпараттық коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларынан және информатика мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім алушылардан құралған (Инновация тобы, Троян тобы, Cyber тобы, WWW тобы, Импульс тобы). Олимпиада 2 турдан тұрды. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. 2 турда жинақталған баллдарына қарай орындар төмендегідей анықталды.
1. Импульс тобы – I орын
2. Cyber тобы – II орын
3. SCRIPT тобы – III орын
Олимпиада барысында білім алушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, алдағы уақытта басқада олимпиадаларға қатысуға құлшынысын көрсетті.

Share this Post