Педагогика мамандығы бойынша пәндік олимпиада

Осы жылы 16 наурызда Орталық Азия Инновациялық университеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастырылуымен «6B01301–Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар арасында пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты:  пәндік олимпиада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, сондай-ақ олардың кәсіби педагогикалық қызметке қажетті кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған шығармашылық сайысы болып табылады.

Олимпиада 5 кезең бойынша өткізілді:

  1. «Менің педагогикалық ерекшелігім» шығармашылық байқау. Командалардың визиттік карточкасы.

Мақсаты: топты таныстыру (команда атауы, факультет (институт), мамандықтар, жеке өзін таныстыру).

  1. Теориялық байқау.

Білім алушылар «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе жазды және оны қорғады.

  1. Жағдайаттары талдау. Мақсаты: педагогикалық және психологиялық салалары бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешуді көздейді.

  2. Тест шешу. Мамандық бойынша төрт пәннен тест жазбаша түрінде өткізілді.

  3. Практикалық байқау. «Понарамалық сабақ (үй жұмысы)» шығармашылық ізденісті таныту алаңы. Педагог өз тәжірибесін танытады.

Мақсаты – озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату.

Пәндік олимпиадаға төрт команда қатысты. 3 курс БП-02 тобынан «Жаңашыл педагогтар» атты топ, 2 курс білім алушылар арасынан «Жалын», «Алғырлар», «Болашақ» атты топтар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс өте қызықты және тартымды өтті.

Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Share this Post