ҚОШ КЕЛДІҢ НАУРЫЗ ОРТАМЫЗҒА!

Ағымдағы жылдың 15 – наурызы күні Әз – Наурыз мерекесіне орай «Педагогика» кафедрасының оқытушылары К.Б.Балгинбекова мен Г.Е.Өмірзақтың ұйымдастыруымен өз кезегінде “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының ПМНОк 22-1һ,2һ,3һ тобының 1- курс білім алушылары, ПМНОк 21-1һ тобының 2-курс білім алушыларымен «Қош келдің Әз-Наурыз» атты мерекелік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Шара барысында сырға салу дәстүрі көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын әнде орындалды. Қонақтар Наурыз көжеден дәм татты.

Share this Post