Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің профессор – оқытушылар құрамы мен білім алушыларына жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жер сілкіну құбылыстарының адам үшін аса қауіптілігі – оның тұтқиылдан болатындығы жайлы айтылды. Төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек ? қандай шаралар қолдану керек ? деген сұрақтарға жауап берілді. Білім алушыларды жалпы ашық алаңға шығу тәртібін түсіндіріп,тәжірибе жүзінде пысықталды.