УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің бірінші проректоры А.С. Ажидинов білім алушылармен кездесті. Кездесудегі басты мақсат – білім алушыларды толғандырған мәселелерді шешу, білім алушлармен кері байланыс орната отырып түйткілді мәселелерді болдырмау. Шара барысында әртүрлі тақырыптар талқыланды. Мәселен: оқу процесі, әлеуметтік жағдайаттар, жатақханада тұру ережесі мен мәдени қоғамдық шараларға қатысу мәселелері сөз болды. Проректор өз кезегінде студенттерге ашықтық керек екенін, кез-келген проблеманы шешуге,тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Share this Post