2030 жылға дейінгі ҚР құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында кездесу өтті

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университеттің профессор – оқытушылары және білім алушылары үшін ҚР 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында маңызды кездесу өтті. Шара мақсаты студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру.
Жастармен кездесуге ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Шымкент қаласы бойынша басқармасының қызметкерлері мен университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.Хайдаров қатысты. Білім алушылар мен оқытушылар шара барысында өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Оқытушылар тарапынан білім алушыларды тәжірибеден өткізу мәселесін қолға алуды ұсынды

Share this Post