КҮНПЕЙІС ЖҰМАХАН ҚАЛПЕЙІСҰЛЫ 70 ЖАСТА

Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты КҮНПЕЙІС ЖҰМАХАН ҚАЛПЕЙІСҰЛЫ 70 жасқа толып отыр. Осы Мерейлі мерекесі қарсаңында 1 – наурыз күні «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасында ХТПк 22-1h, ХТПк 22-3h, КО-01 топтарымен «ҰСТАЗЫМ ӨЗІҢМЕНЕН МАҚТАНАМЫЗ» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатына кафедра ұжымы, педагогика кафедрасының оқытушылары және студенттер қатысты.
Тәрбие сағатында педагогика ғылымдарының кандидаты Күнпеиіс Жұмахан Қалпеиісұлының өмірбаяны, қызметі мен шығармашылығы баяндалып, құттықтау сөздер айтылды. Білім алушылар тарапынан концерттік бағдарламаға ұласып, арнау оқыды. Студенттер арасынан жеке өміріне, шығармашылығына,қоғамдық жұмыстарына қатысты сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Шара барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жұмахан Қалпеиісұлының кітаптары таныстырылды.

Share this Post