
Кошкинбаева Мадина Жолдыкараевна
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: техника ғылымдарының кандидаты, «Математика, физика және информатика» кафедрасының меңгерушісі.
Телефон: 8(778) 290-77-47,
e-mail: mad_nur_79@mail.ru, Koshkinbaeva_M@portal.caiu.edu.kz
Мекен-жай: Байтұрсынов көшесі, 80A, 314-каб
«Математика, физика және информатика» кафедрасы университеттің оқу-ғылыми және әкімшілік бөлімшесі болып табылады. Университет құрылымының 2022-2023 оқу жылының басына қайта құрылуына байланысты, кафедра «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының негізінде «Математика, физика және информатика» атауымен қайта құрылды. Кафедра: 6B01515 – Математика(IP); 6В01509-Математика; 6В01501 — Информатика мұғалімдерін даярлау; 6В01513 — Информатика(IP); 6В01507 — Физика-информатика; 7M01504 – Информатика; 7M01503 — Математика білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады. Кафедра оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын кафедра мен университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізеді. Кафедра қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және нұсқаулық құжаттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, университет Жарғысымен, кафедра туралы Ережемен және университеттің басқа да ішкі нормативтерімен реттеледі.
Кафедраның құрамы жоғары білікті профессор оқытушылар құрамынмен, доцент, ғылым кандидаттары, магистрлер, оқытушылармен аға оқытушылардан жасақталған.
- 6B01515 – Математика (IP)
- 6B01509 – Математика
- 6B01507 – Физика–Информатика
- 6B01513 – Информатика (IP)
- 6B01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау
- 7M01504 – Информатика
- 7M01503 – Математика
6B01515 – Математика (IP)
Мақсаты:
Білім беру саласындағы өзгерістерге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті математика мұғалімдерін даярлау.
Міндеттері:
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру арқылы кәсіби, теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру; өзін-өзі бағалау, кәсіби этика, ынтымақтастық және үздіксіз даму қабілеттерін дамыту.
Кәсіби қызмет саласы:
Ғылыми және оқу ұйымдары, зерттеу орталықтары, колледждер мен мектептер.
Қызмет объектілері:
Математикалық модельдеу, сандық әдістер, ықтималдықтар теориясы, жүйелік талдау және ақпаратты қорғау.
6B01509 – Математика
Мақсаты:
Заманауи білім беру талаптарына сай, ғылыми-әдістемелік көзқарасы мен кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан математика мұғалімдерін даярлау.
Міндеттері:
Сапалы кәсіби даярлық; жаңартылған білім мазмұнында оқытуға бейімделу; ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қатысу.
Кәсіби қызмет саласы:
Мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, зерттеу ұйымдары.
Қызмет объектілері:
Математикалық модельдеу, сандық әдістер, ықтималдықтар теориясы, операцияларды зерттеу.
6B01507 – Физика-Информатика
Мақсаты:
Физика және информатика пәндерін оқытатын, АКТ құралдарын меңгерген бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау.
Міндеттері:
Жаңартылған мазмұн жағдайында оқыту құзыреттілігін, функционалдық сауаттылық пен зерттеушілік қабілеттерді дамыту.
Кәсіби қызмет саласы:
Жалпы білім беру ұйымдары, оқу орталықтары, ғылыми мекемелер, ІТ саласы.
Қызмет объектілері:
Мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер және зерттеу орталықтары.
6B01513 – Информатика (IP)
Мақсаты:
Цифрлық, коммуникативтік және педагогикалық құзыреттілігі жоғары, оқыту контентін жасай алатын кәсіби мұғалім даярлау.
Міндеттері:
Информатика саласында жүйелі білім қалыптастыру, оқыту әдістері мен ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту.
Кәсіби қызмет саласы:
Білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ІТ-компаниялар.
Қызмет түрлері:
Педагогикалық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-әдістемелік және басқарушылық қызмет.
6B01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау
Мақсаты:
Жоғары кәсіби және азаматтық жауапкершілігі бар, информатика бойынша білікті педагог кадрларды даярлау.
Міндеттері:
Информатика пәнін қазіргі ғылыми деңгейде оқыту, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Кәсіби қызмет саласы:
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, білім беру ұйымдары, ақпараттық мекемелер.
Қызмет түрлері:
Ұйымдастыру-басқару, өндірістік және жобалау қызметі.
7М01504 – Информатика (магистратура)
Мақсаты:
Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке қабілетті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Міндеттері:
Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеу, сыни талдау және жоғары мектеп педагогикасын меңгеру.
Кәсіби қызмет саласы:
ЖОО, жоғары колледждер, ғылыми-зерттеу институттары.
Дәреже:
Педагогика ғылымдарының магистрі.
7М01503 – Математика (магистратура)
Мақсаты:
Терең іргелі дайындыққа және ғылыми-зерттеу қабілетіне ие, педагогикалық және аналитикалық ойлауы дамыған мамандар даярлау.
Міндеттері:
Ғылыми ақпаратты талдау, оқытушылық және зерттеу қызметін жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет саласы:
ЖОО, колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, лицейлер.
Дәреже:
Педагогика ғылымдарының магистрі.
«Математика, физика және информатика» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2 бағытта жұмыс жасайды:
№ | Кафедраның және ПОҚ ғылыми бағытының тақырыбы | Ғылыми жетекші, орындаушылар | ҒЗЖ орындау мерзімдері | 2024 жылғы ҒЗЖ кезеңдерінің қысқаша мазмұны | Күтілетін ғылыми және практикалық нәтижелер | Қаржыландыру көзі | |
Басталуы | Аяқталуы | ||||||
1 | «Білім беру процесінде педагогтердің цифрлық сауаттылық дағдыларын дамыту» ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы. «Педагогтерге арналған цифрлық сауаттылық бағдарламасын әзірлеу және енгізу» бағыты. «Білім беру процесіндегі педагогтердің цифрлық сауаттылығының қазіргі жағдайын талдау» бөлімі. «Педагогтердің цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша сауалнама жүргізу процесін модельдеу» этапы. | Жетекші: т.ғ.к., аға оқытушы Дуйсенов Н.Ж. Орындаушылар: ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Ерембесов К.К., ф.-м.ғ.к., доцент Камбарова О.Б., магистр, аға оқытушы Эрманова Д.Р., магистр, аға оқытушы Толеманова А.О., аға оқытушы Балгимбекова У.Б., магистр, аға оқытушы Исахова Ұ.К. | 01.01.2024 ж. | 31.12.2025 ж. | Педагогтердің цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша сауалнама жүргізу процесін модельдеу | Негізгі тақырыптар мен аспектілерді, соның ішінде компьютерлік бағдарламаларды меңгеру деңгейін, оқу процесінде интернет ресурстарын тиімді пайдалану әдістерін білуді және цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізуге жалпы дайындықты көрсету. Цифрлық сауаттылық деңгейі жеткіліксіз және қосымша оқытуды қажет ететін салалар анықталады деп күтілуде. Нәтижелерді талдау педагогтер цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеудің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. | Меншікті қаражат: Орталық Азия Инновациялық Университет |
2 | «Ақпараттық жүйелерде жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану» ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру үшін машиналық оқыту алгоритмдерін зерттеу және оңтайландыру» бағыты. «Ақпараттық жүйелердегі қолданыстағы машиналық оқыту алгоритмдеріне шолу» бөлімі. «Ақпараттық жүйелердегі машиналық оқытудың негізгі алгоритмдерін таңдау және талдау» этапы. | Жетекші: т.ғ.к., аға оқытушы Кошкинбаева М.Ж. Орындаушылар: т.ғ.к., аға оқытушы Оспанова Р.Д., т.ғ.к., аға оқытушы Ахтаев М.Б., магистр, аға оқытушы Абишова Г.Б. магистр, оқытушы Жаксылыков Е.К., магистр, оқытушы Шынжігіт Б.Б., магистр, оқытушы Иманқұл Н.Б., | 01.01.2024 ж. | 31.12.2025ж. | Ақпараттық жүйелердегі машиналық оқытудың негізгі алгоритмдерін таңдау және талдау | Бұл кезеңнің нәтижесі болжау дәлдігі, оқу жылдамдығы және ресурс сыйымдылығы сияқты көрсеткіштерге негізделген алгоритмдердің өнімділігін салыстырмалы талдау болады. Ақпараттық жүйелердің талаптарына сәйкес келетін алгоритмдерді анықтау күтілуде. Нәтиже әрбір негізгі алгоритм үшін оңтайландырылған гиперпараметрлер жиынтығы болады, бұл олардың өнімділігін арттыруға және ақпараттық жүйелердің нақты жағдайларына бейімделуге мүмкіндік береді. | Меншікті қаражат: Орталық Азия Инновациялық Университет |
«Математика, физика және информатика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
- 2023 жылдың 22-23 қараша күндері «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: ынтымақтастықтың мақсаттары мен перспективалары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Математика, физика және информатика» секциясы бойынша 80 баяндама тыңдалды. Тыңдалған баяндамалар ішінен жоғарыдағы баяндамаларды өзінің ғылымилығымен және мазмұнымен ерекше атап өтіп, секцияда жұмыс жасаған алқалардың ұйғарымымен орындар белгіленіп, төменде көрсетілген білім алушыларға дипломдар табысталды.
№ | Ғылыми жетекшінің аты-жөні | Ғылыми зерттеудің бағыты мен тақырыбы | Студенттің аты-жөні, тобы | Күтілетін ғылыми-практикалық нәтижелер (СҒЗЖ жоспарынан) | Алынған нәтижесі |
1 | Балгимбекова У. | Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компаненттері | Шаншархан Бейбарыс -6В01512 – «Математика-ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы | Жинақ | Жинақ, Диплом ІIІ орын |
2 | Исахова Ұ. | Физика пәнін оқытуда оқушыларға технологияларды қолдану | Төлегенова Аружан Иристайқызы – 6В01507- «Физика-информатика» білім беру бағдарламасының 4-ші курс білім алушысы | Жинақ | Жинақ, Диплом І орын |
3 | Толеманова А.О. | Жасанды интеллект және қоғам қауіпсіздігі | Абдималикова Нозима – 6В01509 — «Математика» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы | Жинақ | Жинақ, Диплом ІІI орын |
- 2023 жылдың 19-20 қазан күндер аралығында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры, академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «М.Әуезов атындағы ОҚУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдармен жас зерттеушілерге арналған XII Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. «Математика, физика және информатика» кафедра бойынша бойынша 3 білім алушы баяндамаларымен қатысты. Баяндамашылар сертификаттармен, олардың жетекшілері матақтамалармен марапатталды.
№ | Ғылыми жетекшінің аты-жөні | Ғылыми зерттеудің бағыты мен тақырыбы | Ф. И. О. студенттер, тобы | Күтілетін ғылыми-практикалық нәтижелер | Алынған нәтижесі | ||
1 | Жаксылыков Е.К. | Интернеттегі құбылыстар және оның адамзаттың күнделікті өміріне әсері | Есенгелді Тұрар Тимурұлы – 6В01511 – «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 1-ші курс білім алушысы | Мақала | Сертификат | ||
2 | Абдрахманова Г.М. | Заманауи симметриялық криптографиялық жүйелерді құрастыру принциптері | Абдикамил Нұрбол Нұрпейісұлы – 6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы | Мақала | Сертификат | ||
3 | Балгимбекова У.Б. | Зерттеу әдісін сипаттау | Оразбаев Нурберген Есенулы – 6В01512 – «Математика-ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы | Мақала | Сертификат | ||
- 02.10.2023ж. – 14.10.2023 ж. уақыт аралығында «ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғылым шарайнасы» атты ХVІ республикалық колледж және ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына кафедраның ПОҚ жетекшілігімен білім алуышылар өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Бұл сайысқа 5 ғылыми жұмыс ұсынылды:
№ | Ғылыми жетекшінің аты-жөні | Ғылыми зерттеудің бағыты мен тақырыбы | Ф. И. О. студенттер, тобы | Күтілетін ғылыми-практикалық нәтижелер | Алынған нәтижесі |
1 | Исахова У. | «Молекулалық физика» бөлімін оқуда компьютерлік модельдерді қолдану әдістемесі | Жайдаубек Жәудір Қалдыбайқызы – 6В01507- «Физика-информатика» білім беру бағдарламасының 2-ші курс білім алушысы | Ғылыми-зерттеу жұмысы | Диплом, І орын |
2 | Толеманова А.О. | Ортa мeктeптe мaтeмaтикaлық eceптeрді шығaруды оқытудың әдіcтeмeлік нeгіздeрі | Ермекова Балнур Оразбеккизи – 6В01509 – «Математика» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы, Кульбаева Гулмира Серікбайқызы – 6В01512 – «Математика-ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушысы | Ғылыми-зерттеу жұмысы | Диплом, ІІ орын |
3 | Дуйсенов Н.Ж. | Орта мектепте олимпиадалық есептерді шығарудың заманауи әдістерін талдау | Айтмаханбет Бану Нұрмаханбетқызы, 7М01503 – «Математика» білім беру бағдарламасының 1-ші курс магистранты | Ғылыми-зерттеу жұмысы | Диплом, ІІ орын |
Кафедрада «Жас педагог» атты ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми үйірмелері студенттердің ғылыми белсенділігін арттыру және студенттердің бос уақытында немесе арнайы уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл үйірмеде 6В01511 – «Информатика және робототехника», – 6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау», 6В01512 – «Математика-ақпараттық коммуникациялық технологиялар», 6В01507- «Физика-информатика», 6В01509 — «Математика», 7М01503 – «Математика», 7М01504 – «Информатика» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысады.
«Жас педагог» үйірме жұмысының кезекті отырысы бойынша өз тақырыптарын баяндап, талқылап қорытындылауда:
ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедра оқытушы-профессор құрамы шаруашылық келісім-шарттар негізінде жасалынатын ҒЗЖ орындауға белсенді қатысады. Зерттеулер кәсіпорындар тапсырысы бойынша жүргізіледі және қолданбалы сипатқа ие.
Профессор оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім беру бағдарламасын толық қамтамасыз етіп, сәйкестігінің іске асырылуын қадағалап, білім беру саласында ғылым мен инновацияның дамуына үлес қосады.
2024 жылдың 19-шы сәуір күні өтетін «Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын зерттеудегі әлемдік және ұлттық трендтер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
«Математика, техника және ақпараттық технологиялар» атты секциясы бойынша 30-ға жуық мақала ұсынылып, 3 мақалаға баяндама жасалынды
Секция отырысында келесі оқытушы-профессорлар өздерінің баяндамаларын қорғады:
- аға оқытушы аға оқытушы Балгимбекова Улдар «ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ» тақырыбы бойынша баяндамасын қорғады.
- магистр, аға оқытушы Эрманова Дина «ФОТОНДЫҚ СЕНСОРДЫҢ ПОЛЯРИЗАЦИЯ ЖАЗЫҚТЫҒЫНЫҢ АЙНАЛУЫН ӨЛШЕУ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ҮШІН ФУРЬЕ ТҮРЛЕНДІРУІН ҚОЛДАНУ» атты баяндамасын ұсынды.
- магистр, оқытушы Сынабай Абылай «МОДЕЛЬДЕУДІҢ ЖҮЙЕЛІК ПРИНЦИПТЕРІН ҚАРАСТЫРУ» атты баяндамасын қорғады.
Ұсынылған мақалалар тыңдалды, мазмұны мен ғылыми ерекшелігі атап өтілді. Секция отырысы барысында оқытушы-профессорлар белсенді қатысты, баяндамашыларға сұрақтар қойылды.
Баяндамашылардың арасында келесі профессор-оқытушыларды ерекше атап өтуге болады және марапаттауға ұсыныс берілді:
1 орынды аға оқытушы Балгимбекова Улдар
2 орынды магистр, оқытушы Сынабай Абылай
3 орынды магистр, аға оқытушы Эрманова Дина
2024 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында «Жасанды интеллект: Ғылым және Инновация» тақырыбында Аймақтық Инновациялық университеті, «Ақпараттық коммуникациялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстеліне магистр, оқытушы Шынжігіт Бекмұрат Бекболатұлы белсене қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Кафедра шаруашылық келісім-шарттар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары және ҒЗЖ нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізу актілері, авторлық куәліктермен толықтырылып отырады.
ҚР ғылым күніне байланысты және халықаралық ынтмақтастық іс-шаралар, мастер кластар, конференциялар мен семинарлар өткізіліп тұрады.
«Жағдаяттық тапсырма: ізденіс, зерттеу, шешім мен ұсыныс» тақырыбында №89 IT мектеп- лицейінің физика пәні мұғалімі А.А. Турарбекова 2024жылдың 22 қаңтарында семинар өткізді.
Семинарға «Математика, физика және информатика» сондай-ақ «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары қатысты.
2024жылдың 24 қаңтарында М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясының математика пәні мұғалімі Д.Б. Байтемір «Математика пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері мен формалары» атты тақырыбында семинар өткізді.
«Математика, физика және информатика» кафедрамыздың оқытушылары семинарға қатысып оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері мен мүмкіндіктері туралы жаңа мәліметтер алмасты.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының ф.-м.ғ.к аға оқытушысы М.А.Бименов 2024жылдың 29 қыркүйегінде ССк 24-1һ тобында «Математика» пәнінен «Матрица және анықтауыштар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
6В01509-Математика білім беру бағдарламасының МТк 22-1һ, МТк 22-2һ тобына 24.11.2023ж күні «Физика» пәнінен «Физика әлеміне саяхат» атты тақырыбында кафедраның аға оқытушысы У.К. Исахова топқа бөлу әдісі бойынша ашық сабақ өтті.
«Физика әлеміне саяхат» атты ашық сабаққа кафедраның оқытушылары қатысты
«Математика, физика және информатика» кафедрасының оқу-әдістемелік әдебиеттердің шығарылуы
2023-2024 оқу жылында жоспарға сәйкес 1 тест жинағы, 11 оқу құралы 1 монография кафедра құрамы профессор — оқытушылар шығарған әдебиеттер төмендегі кестеде көрсетілген.
№ | Аталуы / Наименование | Көлемі, б.б./ Объем публикации, п.л. | Автордың аты-жөні,тегі /Ф.И.О. автора | ОӘӘ түрі / Вид УМЛ |
1. | Математика | 9,375 б.т. | Толеманова А.О. Таукеева Д.Г. | Оқу құралы |
2. | Математика пәнінен тесттер жинағы | 15,625 б.т. | Толеманова А.О., Ахметов Р.Ж. | Тест жинағы |
3. | Информатика және математика пәндерін оқыту әдістемесі және критериалды бағалау | 8 б.т. | Толеманова А.О., Эрманова Д.Р. | Оқу құралы |
4. | Компьютерлік жүйелердің өнімділігін арттыру үшін криптожүйелердің алгоритмдері мен тәсілдерін зерттеу және жобалау | 10 б.т. | Дуйсенов Н.Ж. | Монография |
5. | Жалпы өлшеу теориясы | 7,75 б.т. | Абишов М.С., Оспанов С.С., Мәлік Г.Ж. | Оқу құралы |
6. | Қазіргі заман физикасы | 7 б.т. | Исахова У.К., оқытушы Турарбекова А.А., Қамшыева А.А. | Оқу құралы |
7. | Мобильді қосымшаларды әзірлеу | 7,5 б.т. | Сынабай А.Ж., Шынжігіт Б.Б. | Оқу құралы |
8. | Сапаны конструктивтік технологиялық қамтамасыз ету | 6,25 б.т | Абишов М.С., Оспанов С.С., Мәлік Г.Ж. | Оқу құралы |
9. | Қолданбалы метрология | 7,4 б.т. | Абишов М.С., Оспанов С.С., Мәлік Г.Ж. | Оқу құралы |
10. | Технологиялық обьектілерді жүйелік талдау және диагностикалау | 6,75 б.т. | Абишов М.С., Оспанов С.С., Мәлік Г.Ж. | Оқу құралы |
11. | Виртуалды робототехника | 4,5 б.т | Жаксылыков Е.К., Абдрахманова Г.М. | Оқу құралы |
12. | Oracl SQL | 7,65 б.т. | Абишова Г.Б., Иманқұл Н.Б. | Оқу құралы |
13. | Cloud технологиясы | 6 б.т. | Абишова Г.Б., Иманқұл Н.Б. | Оқу құралы |
Электронды оқулықтарды шығару
«Математика, физика және информатика» кафедрасының 2023-2024 оқу жылында 2 жаппай ашық онлайн курс (МООК), 14 электронды оқулық профессор — оқытушылар құрамымен жасалынып электронды кітапханаға өткізілді.
№ | Аталуы / Наименование | Автордың аты-жөні,тегі /Ф.И.О. автора | Көлемі (мегабайт) / Объем (мегабайт) |
1. | Жаппай ашық онлайн курстар(МООК): Ақпараттық коммуникациялық технологиялар | Толеманова А.О., Юнусова А.А., Сынабай А.Ж. | 978 Мб |
2. | Жаппай ашық онлайн курстар(МООК): Заманауи бағдарламалау тілдері | Кошкинбаева М.Ж., Иманқұл Н.Б., Жаксылыков Е.К. | 822 Мб |
3. | Виртуалды білім беру жүйесін құру және қолдану | Дуйсенов Н.Ж., Кошкинбаева М.Ж. | 124 Мб |
4. | Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика | Толеманова А.О., Эрманова Д.Р. | 168 Мб |
5. | Компьютерлік желілер | Жаксылыков Е.К., Шынжігіт Б.Б. | 128 Мб |
6. | Ақпараттық қауіпсіздік негіздері | Абишова Г.Б., Абдрахманова Г.М. | 124 Мб |
7. | Математиканы оқыту әдістемесі және критериалды бағалау | Оспанова Р.Д., Эрманова Д.Р. | 69,6 Мб |
8. | Заманауи білім берудегі менеджмент | Дуйсенов Н.Ж., Кошкинбаева М.Ж. | 124 Мб |
9. | Параллельді есептеу жүйесінің архитектурасы | Абдрахманова Г.М., Балгимбекова У.Б. | 73,2 Мб |
10. | Робототехника негіздері | Шынжігіт Б.Б. Жаксылыков Е.К. | 309 Мб |
11. | Молекулалық физика | Исахова У.К., Турарбекова А.А. | 103 Мб |
12. | Технологиялық процесстерді басқару және бақылау | Мәлік Г.Ж., АбишовМ.С. | 108 Мб |
13. | Android Studio бағдарламасы | Сынабай А.Ж., Иманқұл Н.Б. | 385 Мб |
14. | Ақпараттық -коммуникациялық технологиялар | Юнусова А.А., Сынабай А.Ж. | 10 Мб |
15. | Педагогикалық информатика | Толеманова А.О., Эрманова Д.Р. | 450 Мб |
16. | Oracle SQL | Абишова Г.Б., Иманқұл Н.Б. | 82,6 Мб |
12.04.2024ж «Менің арманым» жастар бизнес-жобасы Қазақстан мен Оңтүстік өңірінің, магистранттар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында (стартап) алтыншы республикалық байқауы өз мәресіне жетті.




Сайыстың мақсаты –инновациялық ойларды жандандыру арқылы білім алушыларды бизнеске тарту: студенттер арасында инновациялық жобаны анықтау және іріктеу; білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.
Байқаудың сараптамалық комиссиясы құрамына:
1. Абдикадирова Акниет Маратовна
— Шымкент қаласының кәсіпкерлерді қолдау Палатасы, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы
2. Канлыбаев Мугазан Нурмаанович
— «Даму Кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ, Шымкент қаласындағы филиалы директорының м.а.
3. Атенова Алия Мырзабековна
- Э.ғ.к., профессор М.Әуезов атындағы ОҚУ
4. Нұржан Кеңесұлы Әбдікәрім
- Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы- «Қоғамдық келісім» КММ-нің заңгері
5. Кәсіпкерлер бизнес өкілдері
Байқаудың нәтижесінде Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Алькея Маргуланатындағы Павлодар педагогикалық университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау университет, Орал қаласындағы Қазақстан телекоммуникациялар және инновациялық жүйелер университеті, «Мирас» университеті, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі, Мирас колледжі жалпы — 56 жобаның арасынан ақтық сайысқа іріктелген — 14 жобаның арасынан:
Бас жүлдені Орталық Азия Инновациялық университетінің Е. Жаксылыков жетекшілігімен «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 2-курс «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының білім алушысы Жақсылық Бекарыс;
1-орынды Мирас колледжінің «Ақпараттық технология және есептеу техникасы» білім беру бағдарламасының білім алушысы» Мустафаева Лейла Темуровнаның жетекшілігімен Завацкий Борис Александрович;
2-орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасының кафедра меңгерушісі э.ғ.к., А.А.Шадиеваның жетекшілігімен «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушылары: Жұмат Ерсұлтан мен Жұмат Нұрсұлтан және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Атова Сымбат Жұматайқызының жетекшілігімен «Химия және биология» білім беру бағдарламасының білім алушысы: Зейнел Эльнура бөлісті;
3-орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасының Г.Ж.Аметованың жетекшілігімен «мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының білім алушысы Ахметов Олжас, Алькея Маргулан атындағы Павладар педагогикалық университетінің «Екі шет тілі» білім беру бағдарламасының білім алушысы Кенжебаев Алихан Ерланович және Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Б.Қамбаровтың жетекшілігімен Батырхан Ақбілек бөлісті.
14 қазан 2023 жылы «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ПМК Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы мен Орталық Азия Инновациялық университетімен бірге
14 — қазан Бүкіләлемдік стандарттау күні мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел өткізді..
Дөңгелек үстелге мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері, ҚР СИМ ТРМК Түркістан, Қызылорда, Жамбыл областары және Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері, Шымкент қаласы Әкімдігінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен «ҚазСтандарт» РМК филиалының директоры — Бейсеев Сәкен Әнуарбекұлы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы — Есқараев Бастар Әуелханұлы ашты.
2023 жылдың 21-27 қыркүйек аралығында Орталық Азия Инновациялық университетінде, 6В01509-Математика, 6В01512-Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6В01511 – Информатика және робототехника, 6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау, 6В01507 – Физика-информатика білім беру бағдарламалары үшін «Динамиканы модельдеу және бағдарламалық байланыстары бар жүйелерді басқару» курсы бойынша профессор, физика – математика ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямовтың қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында ол динамикалық ұқсастық тақырыптары, кері динамика есептері, бағдарламалық байланысы бар жүйелер динамикасы теңдеулерін шешудің сандық әдістері және шешімдердің белгілі қасиеттері бойынша динамика теңдеулерін құру туралы толық және жүйелі түсінік берді. Дәрістің презентациялық және мазмұндық материалы «Математика, физика және информатика» кафедрасының білім алушыларымен профессор-оқытушылар құрамының қызығушылығын тудырды.
Соңғы күні университет атынан алғыс сөздерін ректор Ажидинов Ақмалдин Сапардинович білдірді және лекторға алғыс хат табысталып, иығына шапан жабылды.
Білім алушыларды IT саласына қызықтыру және кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында «Математика, физика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен 30.03.2023 күні IT саласы бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға жалпы 3 білім алушыдан құралған 6 команда қатысты. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық – экономикалық колледжінен де білім деңгейлерін бағалауға және тәжірибе алмасуға SCRIPT тобы қатысты. Университет қабырғасынан 5 команда: ақпараттық коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларынан және информатика мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім алушылардан құралған (Инновация тобы, Троян тобы, Cyber тобы, WWW тобы, Импульс тобы). Олимпиада 2 турдан тұрды. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. 2 турда жинақталған баллдарына қарай орындар төмендегідей анықталды.
1. Импульс тобы – I орын
2. Cyber тобы – II орын
3. SCRIPT тобы – III орын
Олимпиада барысында білім алушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, алдағы уақытта басқада олимпиадаларға қатысуға құлшынысын көрсетті.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының оқытушылары авторлық құқық туралы куәлік алды. «Математика, физика және информатика» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, т.ғ.к., Дуйсенов Н. Ж. және т.ғ.к., Кошкинбаева М. Ж. «Виртуалды білім беру жүйесін құру және қолдану», Кошкинбаева М. Ж. , Сынабай А.Ж., Иманқұл Н.Б. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», Шынжігіт Б.Б., Жаксылыков Е.К. «Робототехника негіздері», Шынжігіт Б.Б., Жаксылыков Е.К. «Компьютерлік желілер пәнінен электронды оқулық», Абишова Г.Б., Абдрахманова Г.М. «Ақпаратты қорғау негіздері», Толеманова А.О., Эрманова Д.Р. «Информатика және математика пәндерін оқыту әдістемесі және критериалды бағалау», Иманқұл Н.Б., Абишова Г.Б. «ORACLE SQL», Толеманова А.О., Аралбек А.М.«Білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу мәселелері» авторлық құқық туралы куәлік алды.
Математика, физика және информатика» кафедрасының Тәрбие жұмыс жоспары бойынша кафедраның аға оқытушысы Исахова У.К. «Патриоттық тәрбие берудің діңгегі – ұлттық сананы қалыптастыру» атты тәрбие сағатын өткізді.
Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын тәрбие сағаты деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсетті.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының білім алушылары «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздарына студенттер ән шырқап, мың бұралған билерін тамашалатты. Ұстаздардың ұстазына деген құрметтерінің шексіз екендігін көрсете білді.
Ынтымақтастық шеңберінде 2023-2024 оқу жылында жүргізілген жұмыстар
Халықаралық ынтымақтастық бұл — Орталық Азия Инновациялық Университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ОАИУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды.
Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.
Студенттің академиялық ұтқырлығы — білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты — халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
- ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
- кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
- пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
- халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
Кафедрада университет пен Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика ғылыми-зерттеу институты (Ресей), Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (Өзбекстан), Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) арасында ынтымақтастық туралы шарттар /келісімдер бар. Осы келісімдердің мәні студенттердің Ғылым және білім беру саласындағы академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
Университетте білім алушылардың тәжірибесінің негізгі және міндетті түрлері: оқу (презентация, Оқу-Өндірістік); Өндірістік (Өндірістік-таныстыру, Педагогикалық және т.б.); өндірістік педагогикалық практика (біліктілік алғанға дейін); зерттеу.
Практиканың мақсаты: білім алушылардың мұғалімнің/оқытушының педагогикалық қызметінің негізгі функцияларын меңгеруі, оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемелерін қалыптастыру/әртүрлі типтер мен әдістермен оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу/, ЖОО-дағы психологиялық-педагогикалық пәндер циклі, жеке әдістеме бойынша алған білімдерін жан-жақты пайдалану, педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту мұғалімнің/оқытушының кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, оларда педагогикалық ойлау, шығармашылық, педагогикалық құбылыстарды, фактілерді талдау және т. б.
Эксперимент жүргізу мерзімі оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес белгіленеді, онда университеттің және практика ұйымдарының оқу-өндірістік базасы және білім алушылардың теориялық дайындық деңгейі ескеріледі.
Практика базаларын қалыптастыру туралы:
Кафедрада/факультетте практикаға жауапты тұлға практика басталғанға дейін 2 ай бұрын білім алушылармен практика өткізуді ұйымдастырады. Кафедрада/факультетте практиканың барлық түрлеріне келген сайын, практикаға жауапты тұлға университет практикасының басшысымен бірлесіп, оларды таныстыру үшін кіріспе конференция өткізеді: практика бойынша нормативтік құжаттармен (бағдарламалармен); практиканың мақсаттары мен міндеттері; Білім алушының құқықтары мен міндеттері; Практика өткізілетін орындардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалар (міндетті түрде, қолы кафедрада ТБ бойынша журналда білім алушы); білім алушыға қойылатын талаптар (мерзімдері, күн тәртібі және т.б.); ұсынылатын әдебиет; тәжірибе бойынша есепті құжаттарды ресімдеу және ұсыну тәртібі.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының практика базалары:
6В01512-«Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»:
№ 23 25.08.2021 ж. № 52 мектеп-лицейі
31.08.2021 ж. № 38 «№ 89 І мектеп-лицейі»КММ
№ 37 31.08.2021 ж. № 72 ЖББОМ. С. Нұрмағамбетова
Шымкент қаласы Білім басқармасының Айбек атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебі 09.10.2023 ж. № 64
09.10.2023 ж. № 65 қ. Сыпатаев атындағы № 7 ІТ мектеп-лицейі
09.10.2023 ж. № 66 «Жалын»жалпы білім беретін мектебі
04.09.2024 ж. № 67 «М. Х. Дулати атындағы үш тілді оқытатын № 8 мамандандырылған гимназия» КММ
6В01509 — «Математика»:
№ 23 25.08.2021 ж. № 52 мектеп-лицейі
31.08.2021 ж. № 38 «№ 89 І мектеп-лицейі»КММ
№ 37 31.08.2021 ж. № 72 ЖББОМ. С. Нұрмағамбетова
Шымкент қаласы Білім басқармасының Айбек атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебі 09.10.2023 ж. № 64
09.10.2023 ж. № 65 қ. Сыпатаев атындағы № 7 it мектеп-лицейі
09.10.2023 ж. № 66 «Жалын»жалпы білім беретін мектебі
04.09.2024 ж. № 67 «М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназия» КММ
6В01507-«Физика-Информатика»:
№ 23 25.08.2021 ж. № 52 мектеп-лицейі
31.08.2021 ж. № 38 «№ 89 І мектеп-лицейі»КММ
№ 37 31.08.2021 ж. № 72 ЖББОМ. С. Нұрмағамбетова
Шымкент қаласы Білім басқармасының Айбек атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебі 09.10.2023 ж. № 64
09.10.2023 ж. № 65 қ. Сыпатаев атындағы № 7 it мектеп-лицейі
09.10.2023 ж. № 66 «Жалын»жалпы білім беретін мектебі
04.09.2024 ж. № 67 «М. Х. Дулати атындағы үш тілді оқытатын № 8 мамандандырылған гимназия» КММ
6В01511 — «Информатика және робототехника»:
№ 23 25.08.2021 ж. № 52 мектеп-лицейі
31.08.2021 ж. № 38 «№ 89 І мектеп-лицейі»КММ
№ 37 31.08.2021 ж. № 72 ЖББОМ. С. Нұрмағамбетова
Шымкент қаласы Білім басқармасының Айбек атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебі 09.10.2023 ж. № 64
09.10.2023 ж. № 65 қ. Сыпатаев атындағы № 7 it мектеп-лицейі
09.10.2023 ж. № 66 «Жалын»жалпы білім беретін мектебі
04.09.2024 ж. № 67 «М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназия» КММ
6В01501 — «Информатика мұғалімдерін даярлау»:
№ 23 25.08.2021 ж. № 52 мектеп-лицейі
31.08.2021 ж. № 38 «№ 89 І мектеп-лицейі»КММ
№ 37 31.08.2021 ж. № 72 ЖББОМ. С. Нұрмағамбетова
Шымкент қаласы Білім басқармасының Айбек атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебі 09.10.2023 ж. № 64
09.10.2023 ж. № 65 қ. Сыпатаев атындағы № 7 it мектеп-лицейі
09.10.2023 ж. № 66 «Жалын»жалпы білім беретін мектебі
04.09.2024 ж. № 67 «М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназия» КММ
Университет түлектердің табысты жұмысқа орналасуын білім беру қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. Университет еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты қолдайды.
ББ бойынша 2020-2021 оқу жылында:
6В01509 — «Математика» — 61%,
6В01506 — «математика-информатика» — 100%,
6В01507 — «физика-информатика» — 54%.
ББ бойынша 2021-2022 оқу жылында:
6В01509 — «Математика» — 89,2%,
6В01506 — «математика-информатика» — 100%,
6В01501 — «Информатика мұғалімдерін даярлау» — 100%
6В01507-» физика-информатика » -61,2%
7М01504 — «Информатика» — 89,2%
7М01503 — «Математика» — 100%
ББ бойынша 2022-2023 оқу жылында:
6В01509 – “Математика” – 75,86%,
6В01506 – “Математика-информатика” – 83,33%,
6В01501 – “Информатика мұғалімдерін даярлау” – 75%
6В01512 -“Математика и информационно-коммуникационные технологии” – 70,18%
6В01507- “Физика-информатика ” -70,97%





































