Кошкинбаева Мадина Жолдыкараевна
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: техника ғылымдарының кандидаты, “Математика, физика және информатика” кафедрасының меңгерушісі.
Телефон: 8(778) 290-77-47,
e-mail: mad_nur_79@mail.ru,
Мекен-жай: Байтұрсынов көшесі, 80A, 314-каб
«Математика,физика және информатика» кафедрасы университеттің оқу-ғылыми және әкімшілік бөлімшесі болып табылады. Университет құрылымының 2022-2023 оқу жылының басына қайта құрылуына байланысты, кафедра «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының негізінде «Математика, физика және информатика» атауымен қайта құрылды. Кафедра: 6B01506 – Математика-информатика; 6B01509 – Математика; 6В01512 – Математика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар; 6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау; 6В01511 – Информатика және робототехника; 6В01507 – Физика-информатика; 7M01504 – Информатика; 7M01503 – Математика білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады. Кафедра оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын кафедра мен университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізеді. Кафедра қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және нұсқаулық құжаттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, университет Жарғысымен, кафедра туралы Ережемен және университеттің басқа да ішкі нормативтерімен реттеледі.
Кафедраның құрамы жоғары білікті профессор оқытушылар құрамынмен, доцент, ғылым кандидаттары, магистрлер, оқытушылармен аға оқытушылардан жасақталған.
«Математика, физика және информатика» кафедрасында оқытылатын білім беру бағдарламалары:
6В01506-Математика-информатика
6В01512-Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6В01509-Математика
6В01507-Физика-Информатика
6В01511-Информатика және робототехника
6В01501-Информатика мұғалімдерін даярлау
7M01504-Информатика
7М01503-Математика
6В01506 -Математика-информатика
- Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсатын қалыптастыруда университеттің миссиясы,академиялық саясаты және стратегиялық даму жоспары негізге алынды.
Білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру концептуалдық принциптеріретінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері көрсетілген және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, субъектіде патриоттық сезімді қалыптастыру, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін өзі дамытуы, әлемдік еңбек нарығында жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандарға білім беру қызметіне сапалы маман даярлау.
- Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері
Математика-информатика білім бағдарламасының ерекшелігі – бітірушіге қажетті біліктіліктерді, құзыреттерді қалыптастыруды жаңа бағытта қамтыған. Инклюзивті білім беру,үштілділік жүйесі екерілген жұмыс берушілердің қамтылған жаңа талаптарына, нарық өзерістерге тез икемделуін, бейімделуін қарастырған.
Білім беру бағдарламасы жобалық-конструкторлық, өндірістік-техникалық, тәжірибелік зерттеу, ұйымдастырушылық-әкімшілік, іске асыру, сараптамалық-аналитикалық жұмыстарын дайындауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы мамандырылған екі траекторияға бағытталған:
– Қолданбалы математика және компьютерлік моделдеу;
– Жоғары математика және қолданбалы информатика.
- Берілетін дәреже
6В01506 -Математика-информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
- Кәсіби қызметінің тізбесі
6В01506 -Математика-информатика мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет тізбесі:
– жобалық және ғылыми-зерттеу институттар, басқару органдары, ақпарттық технологиялар департаменттері, қаржы ұйымдары, бизнес құрылымдар, білім беру ұйымдары, оқыту мекемелері, өнеркәсіптік өндіріс.
6В01512 – «Математика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Математика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті, көшбасшылық қасиеттеріне ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алатын, оқу үдерісін заман талабына сай ұйымдастыра алатын математика және информатика бойынша бəсекеге қабілетті жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері
- Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ математика және информатика мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында математика мен информатиканы оқыту үшін қажетті базалық білімді, негізгі, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, когнитивті икемділікті, функционалдық сауаттылықты дамыту.
- Білім алушылардың математика, информатика, оқыту әдістемелері, инновациялық технологияларды енгізу саласында ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қалыптастыру.
- Өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды әдістерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет саласы мыналарды қамтиды:
– ғылыми және техникалық міндеттерді шешумен байланысты ғылыми және ведомстволық ұйымдар;
– ғылыми-зерттеу және есептеу орталықтары;
– ғылыми-өндірістік бірлестіктер;
– орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары;
4 Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
– математикалық модельдеу;
– Математикалық физика;
– сандық әдістер;
– Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика;
– операцияларды зерттеу және жүйелік талдау;
– оңтайландыру және оңтайлы басқару;
– күрделі жүйелердің математикалық модельдері: теория, Алгоритмдер, қосымшалар; суреттерді өңдеудің математикалық және компьютерлік әдістері;
– математикалық әдістер және ақпаратты қорғауды бағдарламалық қамтамасыз ету;
6В01509 – «Математика»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Математика» білім беру бағдарламасының мақсаты – қазіргі нарық заманында бәсекелестікке төтеп беруді қамтамасыз ететін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзіреттіліктерге сай оқу нәтижелеріне қол жеткізген, ғылыми-әдіснамалық көзқарасы мен тілдік мәдениеті қалыптасқан және практикалық іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын, математика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдап және ұқыпты шеше білетін, білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін анықтау және шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды білетін қабілетті математика мұғалімдерін даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері
- Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ математика мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында математиканы оқыту үшін қажетті базалық білімді, негізгі, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, когнитивті икемділікті, функционалдық сауаттылықты дамыту.
- Білім алушылардың математика, оқыту әдістемелері, инновациялық технологияларды енгізу саласында ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қалыптастыру.
- Өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды әдістерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет саласы мыналарды қамтиды:
– ғылыми және техникалық міндеттерді шешумен байланысты ғылыми және ведомстволық ұйымдар;
– ғылыми-зерттеу және есептеу орталықтары;
– ғылыми-өндірістік бірлестіктер;
– орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары;
- Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
– математикалық модельдеу;
– математикалық физика;
– сандық әдістер;
– ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика;
– операцияларды зерттеу және жүйелік талдау;
6В01507-Физика-Информатика
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Мақсаты: “Физика – информатика” білім беру бағдарламасы – Іргелі білімі бар, білім беру саласында өзгермелі талаптарға бейімделген, қарым-қатынасты басқаруға дайын көшбасшылық қасиеттері бар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білетін физика және информатика бойынша бәсекеге қабілетті мұғалімдерді даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері (қызмет түрлері бойынша).
- Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ физика және информатика мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында физика мен информатиканы оқыту үшін қажетті базалық білімді, негізгі, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, когнитивті икемділікті, функционалдық сауаттылықты дамыту.
- Білім алушылардың физика және информатика, оқыту әдістемелері, инновациялық технологияларды енгізу саласында ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қалыптастыру.
- Дене, рухани және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Түлектердің кәсіби қызмет саласы: Жалпы білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарында балалар мен оқушы жастардың білім алуы мен дамуы; ғылым; ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдаланумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар болып табылады.
- Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары; ғылым ұйымдары: информатика, физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім беру департаменттері; өз жұмысында қолданбалы математика әдістері мен компьютерлік технологияларды қолданатын әртүрлі меншік нысандары бар ұйымдар.
6В01511 – «Информатика және робототехника»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Инновациялық технологияларды қолдана отырып, информатика және робототехника саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар бəсекеге қабілетті жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ информатика және робототехника мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында информатика және робототехника үшін қажетті базалық білімді, негізгі, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, когнитивті икемділікті, функционалдық сауаттылықты дамыту.
- Білім алушылардың информатика, робототехника пәндерінің оқыту әдістемелері, инновациялық технологияларды енгізу саласында ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қалыптастыру.
- Өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды әдістерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет саласы мыналарды қамтиды:
– ғылыми және техникалық міндеттерді шешумен байланысты ғылыми және ведомстволық ұйымдар;
– ғылыми-зерттеу және есептеу орталықтары;
– ғылыми-өндірістік бірлестіктер;
– орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары;
4 Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
– алгоритмдеу және бағдарламалау;
– сандық әдістер;
– ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика;
– операцияларды зерттеу және жүйелік талдау;
– робототехника негіздерін білу;
– роботтарды бағдарламалау әдістері;
– мобильді роботтарды құрастыру және басқару;
– компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
“6В01501 –Информатика мұғалімдерін даярлау” білім беру бағдарламасының мақсаты – Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік қызметті келесі бағыттарда жүзегеасыруға қабілетті информатика бойынша жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
– оқушылардың жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жүйеленген білімді қалыптастыру, информатика бойынша педагогикалық процесті қазіргі ғылыми деңгейде ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
3 Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, экономиканың мемлекеттік секторы, ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйелерін ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне қатысу, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне сәйкес басқаруды жетілдіру, халық шаруашылығын басқару
- Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; жергілікті атқарушы органдардың аппараттары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдіктері); Ұлттық, мемлекеттік және жеке компаниялар; халықаралық ұйымдар және халықаралық басқару органдары
4.1 Бітірушінің кәсіби қызмет түрлері
Ұйымдастыру-басқару қызметі.
Өндірістік-басқару қызметі.
Жобалау қызметі.
5 Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері
Ұйымдастыру-басқару қызметі:
- Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктердің (округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың) экономикалық және әлеуметтік дамуының әртүрлі салаларында басқарушылық қызметті жүзеге асыру;
- стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың, менеджменттің ең тиімді әдістерін, ережелері мен рәсімдерін қолдану;
- -жалпы мемлекеттік мүдделердің басымдығын сақтай отырып, оларды жүзеге асырудың жергілікті факторлары мен жағдайларын ескеретін ғылыми негізделген шаруашылық шешімдер қабылдау.
Өндірістік-басқару қызметі:
– осы процеске оң ықпал етудің әкімшілік-экономикалық тетіктерін жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында аумақтардың, әкімшілік аудандардың және облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму процесін сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу;
7М01504 – «Информатика»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясына, академиялық саясатына және стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өз бетінше ойлауға және прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуды қамтамасыз етуге қабілетті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудан тұрады.
2 Білім беру бағдарламасының негіздемесі
Магистранттар үшін:
Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей алатын, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланатын, процестер мен құбылыстарды талдауда бар тұжырымдамаларды, теориялар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан талдайтын, мамандық шеңберіндегі педагогикалық қызметінде жоғары мектеп білімін қолданатын осы бағдарламаның түлектері жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндігіне ие.
7М01503 білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Информатика – бұл тереңдетілген іргелі дайындықпен, жақсы эрудициясымен және динамикалық ойлауымен ерекшеленетін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқытушылық қызметтің күрделі қолданбалы міндеттерін шешу дағдыларын меңгерген, сондай-ақ өзін-өзі дамыту саласында қажетті құзыреттерге ие маман.
3 Берілетін дәреже
7М01504 – Информатика білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
4 Кәсіби қызметінің тізбесі
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушы;
– интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары колледж, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушысы;
– зерттеу университетінде (ұйымдарда);
– білім мен ғылымды дамыту және ықпалдастыру бағдарламасын іске асыруды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу қызметкері;
5 Кәсіби қызметінің саласы
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
– жоғары колледж, техникалық және кәсіптік колледж;
– зерттеу университетінде (Ұйым);
– ғылыми-зерттеу институттарында;
7М01503 – «Математика»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясына, академиялық саясатына және стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өз бетінше ойлауға және прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуды қамтамасыз етуге қабілетті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудан тұрады.
2 Білім беру бағдарламасының негіздемесі
Магистранттар үшін:
Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей алатын, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланатын, процестер мен құбылыстарды талдауда бар тұжырымдамаларды, теориялар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан талдайтын, мамандық шеңберіндегі педагогикалық қызметінде жоғары мектеп білімін қолданатын осы бағдарламаның түлектері жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндігіне ие.
7М01503 білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Математика – бұл тереңдетілген іргелі дайындықпен, жақсы эрудициясымен және динамикалық ойлауымен ерекшеленетін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқытушылық қызметтің күрделі қолданбалы міндеттерін шешу дағдыларын меңгерген, сондай-ақ өзін-өзі дамыту саласында қажетті құзыреттерге ие маман.
3 Берілетін дәреже
7М01503 Математика білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
4 Кәсіби қызметінің тізбесі
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушы;
– интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары колледж, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушысы;
– зерттеу университетінде (ұйымдарда);
– білім мен ғылымды дамыту және ықпалдастыру бағдарламасын іске асыруды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу қызметкері;
5 Кәсіби қызметінің саласы
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
– жоғары колледж, техникалық және кәсіптік колледж;
– зерттеу университетінде (Ұйым);
– ғылыми-зерттеу институттарында;
– лицей (негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы);
№ | Аты-жөні | Қызметі | Ғылыми дәрежесі және атағы | ||
1. | Кошкинбаева М.Ж. | кафедра меңгерушісі | т.ғ.к. | ||
2. | Акылбаев М.И. | доцент | т.ғ.к. | ||
3. | Оспанов С.С. | доцент | т.ғ.к. | ||
4. | Камбарова О.Б. | доцент | ф.-м.ғ.к. | ||
5. | Игнашова Л.В. | доцент | т.ғ.к. | ||
6. | Еркиналиев Р.Н. | доцент | т.ғ.к. | ||
7. | Жукова Т.А. | доцент | т.ғ.к. | ||
8. | Роговой А.В. | доцент | ф-м.ғ.к. | ||
9. | Тенизбаев Е.Ж. | доцент | т.ғ.к. | ||
10. | Маханова З.А. | аға оқытушы | п.ғ.к. | ||
11. | Оспанова Р.Д. | аға оқытушы | т.ғ.к. | ||
12. | Дуйсенов Н.Ж. | аға оқытушы | т.ғ.к. | ||
13. | Бекжигитов Е.Т. | аға оқытушы | ф.-м.ғ.к. | ||
14. | Ерембесов К.К. | аға оқытушы | ф.-м.ғ.к. | ||
15. | Бименов М.А. | аға оқытушы | ф.-м.ғ.к. | ||
16. | Юнусова Д.У. | аға оқытушы | т.ғ.к. | ||
17. | Кудайбергенов С.С. | аға оқытушы | ф.-м.ғ.к. | ||
18. | Төребай Н.Д. | аға оқытушы | п.ғ.к. | ||
19. | Балгимбекова У.Б. | аға оқытушы | АЖ маманы | ||
20. | Жайлаубай А.М. | аға оқытушы | м.м. | ||
21. |
| аға оқытушы | ж.ғ.м. | ||
22. | Толеманова А.О. | аға оқытушы | и.м. | ||
23. | Абдрахманова Г.М. | аға оқытушы | и.м. | ||
24. | Исахова Ұ.К. | аға оқытушы | ф.м. | ||
25. | Эрманова Д.Р. | аға оқытушы | и.м. | ||
26. | Молдахметова К.Н. | аға оқытушы | и.м. | ||
27. | Жолдыбаева Г.Т. | оқытушы | ИФ маманы | ||
28. | Туракулов А. | оқытушы | и.м. | ||
29. |
. | оқытушы | ж.ғ.м. | ||
Өндірістен шақырған мамандар: | |||||
№ | Аты-жөні | Қызметі | Ғылыми дәрежесі және атағы | Негізгі қызметі | |
1. | Аширбеков А.Н. | аға оқытушы | т.т.ғ.м. | А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі | |
2. | Ахтаев М.Б. | доцент | т.ғ.к. | “”ӨРЛЕУ” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты” филиалы директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары | |
3. | Сахова С.О. | оқытушы | ж.ғ.м. | Оңдасынов атындағы № 38 ЖОББМ информатика пән мұғалімі | |
4. | Байтемір Д.Б. | аға оқытушы | м.м. | М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандырылған гимназияның математика пәнінің мұғалімі | |
5. | Турарбекова А.А. | оқытушы | п.ғ.м. | №89 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі | |
6. | Аметбаева З.А. | аға оқытушы | №51 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі |
14 – қазан Бүкіләлемдік стандарттау күні
Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен «ҚазСтандарт» РМК филиалының директоры – Бейсеев Сәкен Әнуарбекұлы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы – Есқараев Бастар Әуелханұлы ашты.
Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы жыл сайын 14 қазанда атап өтілетін «Дүниежүзілік стандарттау күні» болды. Бұл халықаралық күннің негізгі міндеті – жұртшылықтың назарын бірыңғай стандарттарды құруға байланысты іс-қимылдардың маңыздылығына аудару.
Іс-шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырушылары дарындылығын, білімі мен тәжірибесін стандарттау, метрология және сертификаттау ісіне арнап жүрген мамандарға алғысын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
«Математика, физика және информатика» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстары
Ағымдағы жылдың 15-і желтоқсаны күні Орталық Азия Инновациялық университетінде академиялық ұтқырлық және халықаралық бөлімнің ұйымдастыруымен жиын өтті.
Аталған жиынға Орталық Азия Инновациялық университетінің оқытушылары мен білім алушылары қатысса, онлайн режимде Польша елінен AGH университетінен Сабырова Мадина Елемесовна және бизнес жоғары мектебі – Луис ұлттық университеті (Новы Сонч) жоғары оқу орындарының өкілдері Януш Собонь, Селезнева Руслана қатысып, өз оқу орындары жайлы роликтер көрсетіп, білім алушыларды жақыннан таныстырды. Сонымен қатар қос дипломды білім бағдарламасы бойынша барлық шарттарды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында білім алушылар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынды университеттің бірінші проректоры А.С.Ажидинов жүргізіп отырды.
8-9 желтоқсан 2022жылы «Білім және кәсіби дағдылар – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі бағдарлары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Секция бойынша 85 баяндама тыңдалды. Тыңдалған баяндамалар ішінен жоғарыдағы баяндамаларды өзінің ғылымилығымен және мазмұнымен ерекше атап өтіп, секцияда жұмыс жасаған алқалардың ұйғарымымен орындар белгіленді.
№ | Ғылыми жетекшінің толық аты-жөні | Ғылыми зерттеудің бағыты мен тақырыбы | Студенттердің т. а. ә., тобы | Күтілетін ғылыми-практикалық нәтижелер (СҒЗЖ жоспарынан) | Қол жеткізілген ғылыми-практикалық нәтижелер |
1 | Балгимбекова У.Б. | Түйіндеме және оны жазудың жолдары | МИКТк21-1h тобы. Мирабидова М. | Жинақ | Диплом І -орын |
2 | Мәлік Г.Ж. | «Нормативтік құқық актілеріне, техникалық регламеттер мен стандарттарға шарттар мен қол жеткізуге арналған процедуралар» | СС 01-Әлібай Н.Е. | Жинақ | Диплом І І орын |
3 | Абишова Г.Б. | Түс үлгілері мен олардың түрлері | Ескерова Перуза Әкімханқызы КНк 21-1һ | Жинақ | Диплом І І орын |
4 | Эрманова Д.Р. | Тригогометрияның қолданбалы бағыты | МТк 21-1һ Лесбай А. | Жинақ | Диплом І І І орын |
5 | Шынжігіт Б.Б. | Бағдарламалық жасақтамағы төнетін қауіп-қатерлерді, бағдарлама кодындағы қателерді талдау | ВТиПОк 21-1һ Садирбай И. | Жинақ | Диплом І І І орын |
«Математика, физика және информатика» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2 бағытта жұмыс жасайды:
- «Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған криптожүйелердің алгоритмдері мен бағдарламалық кешендерін жобалау» бағыты бөлімдер мен этаптардан тұрады. Бұл бағытқа жетекшілік жасайтын құрам: т.ғ.к., доцент Дуйсенов Н.Ж., т.ғ.к., аға оқытушы Оспанова Р.Д. Орындаушы: т.ғ.к., Кошкинбаева М.Ж., м.а.оқытушы Төлеманова А.О, Шынжігіт Б.Б, Жақсылықов Е.К. Күтілетін нәтиже: Нақты мекемелердің бизнес үрдістерін автоматтандыру мен оларды ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету, жүйелеу, талдау, іске асыру және ендіру бойынша іс шараларды жүзеге асыру; барлық типті деректерді енгізу мен өңдеу, сақтау мен жинауды автоматтандыру болып келеді.
- «Жалпы білім беру мектептерінде математиканы оқытуды жетілдіру» бағыты бөлімдер мен этаптардан тұрады. Жетекшісі: т.ғ.к., доцент Дуйсенов Н.Ж., т.ғ.к., аға оқытушы Оспанова Р.Д. Орындаушы: Ахметова С.Т., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы, Абдрахманова Г.М. Күтілетін нәтиже: Білім беру бағдарламаларына жаңашыл әдіснамаларды ұсыну, математика курсын жүргізуге қажетті оқу әдебиеттерін құрастыру, жаңарту болып келеді.
Кафедра оқытушы-профессор құрамы шаруашылық келісім-шарттар негізінде жасалынатын ҒЗЖ орындауға белсенді қатысады. Зерттеулер кәсіпорындар тапсырысы бойынша жүргізіледі және қолданбалы сипатқа ие.
Кафедра оқытушы-профессор құрамы шаруашылық келісім-шарттар негізінде жасалынатын ҒЗЖ орындауға белсенді қатысады. Зерттеулер кәсіпорындар тапсырысы бойынша жүргізіледі және қолданбалы сипатқа ие.
Профессорско-преподавательский состав кафедры принимает активное участие в выполнении НИР, заключаемых на основе хозяйственных договоров. Исследования проводятся по заказу предприятий и носят прикладной характер.
Профессор оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім беру бағдарламасын толық қамтамасыз етіп, сәйкестігінің іске асырылуын қадағалап, білім беру саласында ғылым мен инновацияның дамуына үлес қосады.
ҒЗЖ бойынша кафедра ПОҚ монография, импакт-фактор, ККСОН журналдарда және ғылыми конференцияларға мақала жариялануда. ПОҚ жетекшілігімен студенттер түрлі стартап жобаларға қатысып марапаттар алуда.
Кафедрада «Жас педагог», «Сарапшы және техник», «IT- бағдарламалаушы» 3 студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми үйірмелері студенттердің ғылыми белсенділігін арттыру және студенттердің бос уақытында немесе арнайы уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Жас педагог» үйірме жұмысының кезекті отырысы бойынша өз тақырыптарын баяндап, талқылап қорытындылауда:
«Сарапшы және техник» студенттік ғылыми үйірменің отырысы «Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі» тақырыбында “Hill Corporation” ЖШС зауытында қолданбалы зерттеулерге қатысу арқылы олардың кәсіби жеке құзыреттерін қалыптастыруға жағдайлар жасау.
Кафедра шаруашылық келісім-шарттар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары және ҒЗЖ нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізу актілері, авторлық куәліктермен толықтырылып отырады.
ҚР ғылым күніне байланысты және халықаралық ынтмақтастық іс-шаралар, мастер кластар, конференциялар мен семинарлар өткізіліп тұрады.
14 октября 2023 жылы “Қазақстан стандарттау және метрология институты” ПМК Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы мен Орталық Азия Инновациялық университетімен бірге
14 – қазан Бүкіләлемдік стандарттау күні мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел өткізді..
Дөңгелек үстелге мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері, ҚР СИМ ТРМК Түркістан, Қызылорда, Жамбыл областары және Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері, Шымкент қаласы Әкімдігінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен «ҚазСтандарт» РМК филиалының директоры – Бейсеев Сәкен Әнуарбекұлы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы – Есқараев Бастар Әуелханұлы ашты.
Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы жыл сайын 14 қазанда атап өтілетін «Дүниежүзілік стандарттау күні» болды. Бұл халықаралық күннің негізгі міндеті – жұртшылықтың назарын бірыңғай стандарттарды құруға байланысты іс-қимылдардың маңыздылығына аудару.
Іс-шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырушылары дарындылығын, білімі мен тәжірибесін стандарттау, метрология және сертификаттау ісіне арнап жүрген мамандарға алғысын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
2023 жылдың 21-27 қыркүйек аралығында Орталық Азия Инновациялық университетінде, 6В01509-Математика, 6В01512-Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6В01511 – Информатика және робототехника, 6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау, 6В01507 – Физика-информатика білім беру бағдарламалары үшін «Динамиканы модельдеу және бағдарламалық байланыстары бар жүйелерді басқару» курсы бойынша профессор, физика – математика ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямовтың қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында ол динамикалық ұқсастық тақырыптары, кері динамика есептері, бағдарламалық байланысы бар жүйелер динамикасы теңдеулерін шешудің сандық әдістері және шешімдердің белгілі қасиеттері бойынша динамика теңдеулерін құру туралы толық және жүйелі түсінік берді. Дәрістің презентациялық және мазмұндық материалы «Математика, физика және информатика» кафедрасының білім алушыларымен профессор-оқытушылар құрамының қызығушылығын тудырды.
Соңғы күні университет атынан алғыс сөздерін ректор Ажидинов Ақмалдин Сапардинович білдірді және лекторға алғыс хат табысталып, иығына шапан жабылды.
Білім алушыларды IT саласына қызықтыру және кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында «Математика, физика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен 30.03.2023 күні IT саласы бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға жалпы 3 білім алушыдан құралған 6 команда қатысты. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық – экономикалық колледжінен де білім деңгейлерін бағалауға және тәжірибе алмасуға SCRIPT тобы қатысты. Университет қабырғасынан 5 команда: ақпараттық коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларынан және информатика мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім алушылардан құралған (Инновация тобы, Троян тобы, Cyber тобы, WWW тобы, Импульс тобы). Олимпиада 2 турдан тұрды. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. 2 турда жинақталған баллдарына қарай орындар төмендегідей анықталды.
1. Импульс тобы – I орын
2. Cyber тобы – II орын
3. SCRIPT тобы – III орын
Олимпиада барысында білім алушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, алдағы уақытта басқада олимпиадаларға қатысуға құлшынысын көрсетті.
Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Robotech-2021», «Роботехника және конструкциялау» тақырыбындағы жастар арасында жаңа технологияларға деген қызығушылығын арттыру, роботтың мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында өткен оқыту курсына кафедрамыздың студенттері, Ұласбек Камила Әбдібекқызы, Мүслім Ақнұр Сабырбекқызы, Маханбет Мерей Лесбекқызы, Азамат Айнұр Нұржігітқызы атты студенттеріміз қатысып, жаңа ғылымдар бойынша көптеген мәліметтер алып, қатысқандығы туралы сертификат алды.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының оқытушылары авторлық құқық туралы куәлік алды. «Математика, физика және информатика» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, т.ғ.к., Дуйсенов Н. Ж. және т.ғ.к., Кошкинбаева М. Ж. «Білім берудегі менеджмент оқу құралы», Кошкинбаева М. Ж. , Иманқұл Н.Б. «Жаппай ашық онлайн курстар мен ұлттық курстарға дайындық бағдарламасы біліктілік сынақтары», Шынжігіт Б.Б., Жаксылыков Е.К. «Web технологиясы пәнінен электронды оқулық», Шынжігіт Б.Б. «Академиялық хат. Оқу құралы», Дуйсенов Н. Ж. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», Кошкинбаева М. Ж., Толеманова А.О., Эрманова Д.Р. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары», Абдрахманова Г.М., Абишова Г.Б. «Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар», М.И.Акылбаев «Элементар математика» пәні бойынша ғылыми шығарма ретінде әдебиет туындысына авторлық құқық туралы куәлік алды.
Математика, физика және информатика» кафедрасының Тәрбие жұмыс жоспары бойынша кафедраның аға оқытушысы Исахова У.К. «Патриоттық тәрбие берудің діңгегі – ұлттық сананы қалыптастыру» атты тәрбие сағатын өткізді.
Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын тәрбие сағаты деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсетті.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының білім алушылары «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздарына студенттер ән шырқап, мың бұралған билерін тамашалатты. Ұстаздардың ұстазына деген құрметтерінің шексіз екендігін көрсете білді.
Халықаралық ынтымақтастық бұл – Орталық Азия Инновациялық Университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ОАИУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды.
Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.
Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
- ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
- кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
- пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
- халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
Кафедрада университет пен Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика ғылыми-зерттеу институты (Ресей), Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (Өзбекстан), Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) арасында ынтымақтастық туралы шарттар /келісімдер бар. Осы келісімдердің мәні студенттердің Ғылым және білім беру саласындағы академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
Университетте білім алушылар іс-тəжірибесінің негізгі және міндетті іс-тəжірибе түрлері: оқу (таныстыру, оқу-өндірістік); өндірістік (өндірістік-таныстыру, педагогикалық және т.б.); диплом алдындағы іс-тəжірибе (біліктілікті алу алдында); зерттеу.
Іс-тəжірибе мақсаты: білім алушылармен мұғалімнің/оқытушының педагогикалық қызметінің негізгі функцияларын меңгеру, тәжірибелік дағдылар мен оқыту әдістемелерін қалыптастыру/ оқу сабақтарын жоспарлау және түрлі типтермен және әдістермен өткізу/, ЖОО-да психологиялық-педагогикалық пәндер циклі, жеке әдістеме бойынша алған білімдерін жан-жақты пайдалану, педагогикалық құзыреттіліктің құрылуы және дамуы, мұғалімнің/оқытушының кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, оларда педагогикалық ойлау икемділігін, шығармашылықты, қалыптастыру, педагогикалық құбылыстарды, фактілерді талдау және т.б.
Іс-тəжірибе жүргізу мерзімі оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес белгіленеді, мұнда университеттің оқу-өндірістік базасы мен іс-тəжірибе базалары-ұйымдар және білім алушылардың теориялық дайындық деңгейі ескеріледі.
Іс-тəжірибе базаларын қалыптастыру туралы:
Кафедрада/факультетте практикаға жауапты тұлға, іс-тəжірибенің басталуынан 2 ай бұрын білім алушылармен іс-тəжірибені өтуін ұйымдастырады. Білім алушы іс-тəжірибенің барлық түрлеріне әр кез шыққан сайын, кафедрада/факультетте іс-тəжірибеге жауапты тұлға Университеттің іс-тəжірибе жетекшісімен бірлесіп, оларды төмендегілермен таныстыру үшін кіріспе конференция өткізеді: іс-тəжірибе бойынша нормативтік құжаттар (бағдарлама); іс-тəжірибе мақсаттары мен міндеттері; білім алушының құқықтары мен міндеттері; іс-тəжірибе өту орындарында қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер (міндетті түрде, кафедрада ҚТ бойынша журналға білім алушының қол қоюы); білім алушыға қойылатын талаптар (мерзімдер, күн тәртібі және т.б.); ұсынылатын әдебиет; іс-тəжірибе бойынша есептік құжаттарды рәсімдеу және тапсыру тәртібі.
«Математика, физика және информатика» кафедрасының іс-тәжірибе базалары: А.Назарбеков атындағы №87 жалпы білім беретін орта мектебі; Сағадат Нурмаганбетов ат.№72 ж.о.м; № 52 мектеп-лицей; № 89 IT мектеп-лицей.
Университет түлектердің жұмысқа сәтті орналасуын білім беру қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. Университет еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты қолдайды.
Білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу пайызы төменде көрсетілген:
ББ бойынша 2019-2020 оқу жылында:
6В01509 – “Математика” – 89,2%,
6В01507- “физика-информатика” – 100%
ББ бойынша 2020-2021 оқу жылында:
6В01509 – “Математика” – 61%,
6В01506 – “математика-информатика” – 100%,
6В01507 – “физика-информатика” – 54%.
ББ бойынша 2021-2022 оқу жылында:
6В01509 – “Математика” – 89,2%,
6В01506 – “математика-информатика” – 100%,
6В01501 – “Информатика мұғалімдерін даярлау” – 100%
6В01507-” физика-информатика ” -61,2%
7М01504 – “Информатика” – 89,2%
7М01503 – “Математика” – 100%