Университет басшылығы мен белсенді студенттері ішкі істер органдарының ардагері Серік Жорабекұлымен кездесіп, оны арнайы құттықтады.
Кездесу барысында университет өкілдері ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған ардагерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Студенттер Серік Жорабекұлының еңбек жолымен танысып, оның өмірлік тәжірибесінен елге адал қызмет етудің үлгісін көрді. Бұл жүздесу жастарға аға буынның еңбегін танып, оның өнегесін бойға сіңіруге мүмкіндік берді.
Серік Жорабекұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз!
