«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» республикалық конкурсына қатысу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылға арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсын жариялады.

Осыған байланысты Орталық Азия Инновациялық университетінде конкурсқа кандидаттарды қарау және ұсыну бойынша жұмыстар басталды.

Конкурсқа жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатыса алады.

Конкурстың I кезеңіне құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 18 қараша, сағат 18:00-ге дейін.

Құжаттарды тапсыру жүйесі:
universitycontest2026.kz

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттарды жүйе арқылы тапсыруы тиіс.

Толық ақпаратты университеттің Ғылым бөлімінен алуға болады.

Оқытушыларды конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

Share this Post