«КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Орталық Азия Инновациялық университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарайтын және азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Орынбаев Муханмадияр Омарұлы «Ата Заң – азат елдің айбыны» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдану тарихы, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы және құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі туралы ақпарат берді.

Іс-шараның пікірталас бөлімінде қатысушылар «Өз құқығыңды білу не үшін қажет?» және «Құқық пен міндеттің байланысы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. Білім алушылар өз көзқарастарын білдіріп, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысында Конституцияның ел тәуелсіздігі мен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді. Іс-шара білім алушылардың құқықтық білімін кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Share this Post