🇰🇿🥉 ШҰҒЫЛА ӨМІРБЕК — U23 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Орталық Азия инновациялық университетінің «Менеджмент және басқару» (B044) білім беру бағдарламасының студенті Өмірбек Шұғыла Нұрпейісқызы әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды!

🤼‍♀️ Үшінші орын үшін өткен тартысты белдесуде 22 жастағы қазақстандық балуан, 2025 жылғы әлем чемпионы Украинаның өкілі Снежана Онуфриеваны 11:10 есебімен жеңді.

💪 Шұғыла шеберлігі мен қайсар мінезінің, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік тұғырдан тағы да көрініп, Қазақстанның мерейін асқақтатты!

🎓 Университет ұжымы Шұғыланы лайықты жүлдесімен шын жүректен құттықтайды! Мықты денсаулық, қажымас қайрат және жаңа жеңістер тілейміз!

👏 Студентімізді мақтан тұтамыз! Алға, Шұғыла! Алға, Қазақстан!

#ОАИУ #ЦАИУ #CAIU #ШұғылаӨмірбек #ӘйелдерКүресі #ӘлемЧемпионаты #U23 #УниверситетМақтанышы #АлғаҚазақстан

Share this Post