ЖРВИ-дің алдын алу бойынша семинар өткізілді
Орта Азия Инновациялық университетінде студенттердің денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ)» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға жалпы тәжірибелі дәрігер Ораз Нурила Нурмаханқызы мен мейірбике Ахмет Г.Д. қатысты.
Семинар барысында ЖРВИ-дің жұғу жолдары, негізгі белгілері, диагностикасы және емдеу әдістері түсіндірілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі жуу, бөлмені желдету және науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу сияқты алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Студенттерге ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы жүгіну және дәрілік заттарды маманның кеңесінсіз қабылдамау қажеттігі айтылды. Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен танысты.
Семинар қорытындысында студенттерге салауатты өмір салтын ұстану және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Іс-шара студенттердің денсаулық сақтау сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
