«AI × Vibe Coding»: студенттерге арналған сабақ өткізілді
2026 жылғы 9 қазанда Орта Азия Инновациялық университетінде Temir IT клубының ұйымдастыруымен «AI × Vibe Coding» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен, оның бағдарламалау саласында қолданылуымен және заманауи цифрлық құралдардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, Vibe Coding ұғымы түсіндіріліп, жасанды интеллект көмегімен идеяларды жүзеге асыру, бағдарламалық өнімдер әзірлеу және код жазу үдерісін жеңілдету жолдары қарастырылды.
Іс-шара студенттердің IT саласына қызығушылығын арттыруға, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын оқу мен жобалау барысында тиімді пайдалану және өз идеяларын цифрлық жобаларға айналдыру мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды.
Сабақ студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, IT саласындағы білімдерін жетілдіруге және заманауи технологияларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етті.
