Шетелдік білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 6 қазанда Орталық Азия Инновациялық университетінде шетелдік білім алушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласының Миграция орталығының мамандары қатысып, университетте білім алып жатқан шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасында болу және оқу тәртібі, көші-қон заңнамасының талаптары, құжаттарды рәсімдеу және уақытылы тіркеуден өту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында шетелдік білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпараттар мен нақты жауаптар алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелдік студенттердің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, көші-қон талаптарын сақтау бойынша қажетті түсініктер қалыптастыру және олардың Қазақстан аумағында заң талаптарына сәйкес білім алуына қолдау көрсету.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері шетелдік білім алушыларға қажетті ақпаратты уақтылы алуға және туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.
