Ұстаздарымыздың академиялық ұтқырлық тәжірибесі артты!
ҚР Ғылым және ЖБ министрлігінің жоғары оқу орындарында сапалықты арттыру талаптарының бірі бұл университет ұстаздарының шетелдік жоғары оқу орындарында дәріс беріп іс-тәжірибелерін арттыру болатын. Аталған ұтқырлық бағдарламасы бойынша Орталық Азия инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Иманбаев Алий Асанұлы 21.09.2026 – 25.09.2026 күндері аралығында Өзбекстан Республикасы, Қоқанд қаласындағы Қоқанд мемлекеттік университетіне іс-сапармен барып қайтты. Дәріс беруді «Кәсіпорын экономикасы», «Бухгалтерлік есеп қағидаттары» пәндері бойынша аталған университеттің Экономика факультетінің 2-3 курс білімалушыларына, сондай-ақ магистранттарға жүргізді.
Аталған университетке сондай-ақ, ЭК-23-1һ тобының білім алушысы Нуржан Бекзат және УАк-23-1һ тобының білім алушысы Эргешов Шахриер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында, тиісінше «Экономика», «Есеп және аудит» білімберу бағдарламасы бойынша оқуға барды. Түркі әлемі, екі ел арасындағы халықаралық достығымыз артып, Қоқанд мемлекеттік университеті ұжымымен ғылыми және білім беру байланыстарымыз нығая түсті.
