6В01405 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының түлектері кешенді мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды
2026 жылғы 8 мамыр күні Орталық Азия инновациялық университетінің 6В01405 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4-курс түлектері «Педагогика» және «Музыканы оқыту әдістемесі және критериалды бағалау» пәндері бойынша кешенді мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан тестілеу форматында ұйымдастырылып, білім алушылардың қазіргі педагогикалық технологиялар, музыканы оқыту әдістемесі, музыкалық сабақтарды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі критериалды бағалау жүйесі бойынша теориялық және тәжірибелік білімдері бағаланды. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша студенттердің басым бөлігі «жақсы» және «өте жақсы» нәтижелер көрсетті. Түлектер кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, музыкалық-педагогикалық қызмет дағдыларын және білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері білім алушылардың жауапкершілігін, кәсіби құзыреттілігін және заманауи білім беру технологияларын меңгергенін ерекше атап өтті.