«Алшындар» — республикалық турнир жүлдегерлері!

2026 жылдың 10–11 мамыр күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы «Yasawi Debate Club» ұйымдастырған «Bolashagymyz Birlikte» атты дәстүрлі Ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Аталған турнирде Орталық Азия Инновациялық университеті намысын қорғаған «Алшындар» фракциясы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, АПФ форматы бойынша «Алтай» лигасында ІІІ орын иеленді. Фракция құрамы: * Ақарыс Сейілбек — фракция лидері * Рақатбек Карсанбек — спикер, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет басшысы Университет абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жастардың зияткерлік әлеуеті мен шешендік өнері әрдайым биіктен көріне берсін!
Share this Post