«Жаңа Конституция – Жастар» республикалық студенттер форумы өтті

2026 жылдың 22 сәуір күні SDU University базасында «Жаңа Конституция – Жастар: Республикалық көшбасшы студенттер форумы» ұйымдастырылды. Аталған форум еліміздің әр өңірінен келген студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларын біріктіріп, тәжірибе алмасу мен өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды. Форум бағдарламасы аясында қатысушылар: Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын жан-жақты талқылады; Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған сессияларға қатысты; Көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған тренингтерден өтті; Университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырды. Іс-шара барысында университеттің белсенді студенттері Саясат Нұрбек атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – студенттердің қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қабілеттерінің жоғары бағаланғанының дәлелі. Аталған форум жастардың азаматтық позициясын нығайтуға, құқықтық мәдениетін арттыруға және болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Share this Post