Шетелдік профессорлар халықаралық деңгейде дәріс өткізді
2026 жылғы 14 сәуірде Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 1 семестр бойы білім алмасу үшін келген шетелдік профессорлардың қатысуымен халықаралық деңгейдегі дәрістер өтті. КИМЕ халықаралық Өзбек-Корей университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Гулямов Саидахрор Саидахмедович 6В04105 – «Экономика» және 6В04132 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Жаңа Өзбекстан экономикасын цифрлық трансформациялау үшін білім берудегі адами капиталды жетілдіру» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында білім алушылардың кәсіби және академиялық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, цифрлық трансформация жағдайындағы өмір бойы білім алу (lifelong learning) тұжырымдамасының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Әзірбайжан мемлекеттік туризм және менеджмент университетінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының докторы Алескерова Флора Гамандарқызы 6В04132 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В11102 – «Туризм», 6В11104 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына дәріс өткізді. Спикер Әзірбайжан Республикасында соңғы жылдары туризм саласының экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты туризм мамандарын даярлау жүйесі жаңартылып, халықаралық стандарттарға бейімделіп жатқаны айтылды. Іс-шара білім алушылар мен оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға оң ықпал етті.