Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай қайырымдылық акциясы өткізілді.

Бұл күн Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі аясындағы маңызды күндердің бірі болып саналады.

Аталған игі шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек көрсету құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды.

Қайырымдылық акциясына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсенді түрде қатысып, игі іске өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан жиналған түрлі қажетті заттар мен көмектер мұқтаж отбасыларға табысталды.

Осындай қайырымдылық шаралары жастарды адамгершілікке, қамқорлыққа және қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.

Педагогика кафедрасы ұйымдастырған бұл игі бастама қатысушылардың жүрегінен орын тауып, мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар өз жалғасын табады деген сеніміміз мол.

Share this Post