Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Чанкыры Каратекин университетіне (Түркия) оқуға аттанды

Орталық Азия Инновациялық университеті мен Чанкири Каратекин университеті (Түркия Республикасы) арасында түзілген меморандум аясында университетіміздің студенттері Чанкыры қаласында орналасқан аталған университетке 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап бір семестр мерзімге білім алуға жіберілді.
Университетіміздің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алуға 2 және 3 курс студенттері қатысады. Бағдарламаға қатысатын студенттерге қойылатын негізгі талаптар – ағылшын немесе түрік тілін жетік меңгеру, сабақ үлгерімінің жоғары болуы және оқу процесінде белсенділік таныту.
Осы талаптарға сай келіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға төмендегі студенттер жолданды:
• 6В04105 – «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нұржан Бекзат
• 6В02301 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Әріпжан Батыр
• 6В01705 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті Хайитваева Мадина
• 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенті Рахматуллаева Шабнам
• 6В06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының студенті Нурулла Рашид Русланұлы
• 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенті Садуахасова Сая Сәтбекқызы
Аталған студенттер 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап маусым айына дейін Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Чанкири Каратекин университеті базасында білім алуда.
Сонымен қатар, білім алушылармен бірге «Құқық» кафедрасының оқытушысы Абдикеримова Айнур Абдихадировна да 6В04201 – «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында аталған университетке жіберілді.
Айнур Абдихадировнаға және білім алушыларымызға жаңа оқу орнында өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, мол білім жинап, табысты нәтижелермен елге оралуына тілектеспіз!
Share this Post