Басқа жоғары оқу орындарынан ауысқан студенттермен кеңейтілген ақпараттық кездесу өтті

Орталық Азия Инновациялық Университеті оқу ордамызда «Педагогика және тілдер» факультетіне қарасты «Педагогика» кафедрасында басқа жоғары оқу орындарынан ауысып келген студенттермен кеңейтілген ақпараттық кездесу-жиналыс ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларды университеттің академиялық ортасымен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен және қолжетімді мүмкіндіктерімен жан-жақты таныстыру.

Жиынға университет басшылығы қатысып, өздерінің қызмет бағыттары бойынша мазмұнды ақпарат берді. Атап айтқанда:
Университет ректоры – Ажидинов Акмалдин Сапардинович,
Оқу жұмысы жөніндегі проректор – Дуйсенов Нурзак Жезтаевич,
Әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі проректор – Хайдаров Нұрлан Шахизиндаевич,
«Педагогика және тілдер» факультетінің деканы – Сыдыкова Зухра Ештаевна,
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі – Жұмағұлова Гүлнар Шыңғысқызы қатысты.

Кездесуге келесі білім беру бағдарламалары бойынша ауысып келген студенттер қатысты:
6B01110 – Психология (IP);
6B01210 – Мектепке дейінгі білім беру (IP);
6B01310 – Бастауыш білім (IP);
6B01610 – Тарих және қоғамтану (IP).

Кездесу барысында білім алушылар үшін маңызды бірқатар мәселелер кеңінен қаралды. Атап айтқанда:
•«Жолсілтеуші» жүйесі арқылы университеттің цифрлық платформаларын пайдалану тәртібі;
•Кітапхана және электрондық ресурстармен жұмыс жасау мүмкіндіктері;
•Сабақ және емтихан кестелерімен танысу жолдары;
•Бейне дәрістерге қолжетімділік;
•Онлайн сабақтарға арналған ZOOM сәйкестендіру нөмірлерін пайдалану тәртібі;
•Жеңілдіктер мен гранттар, әлеуметтік қолдау шаралары;
•Оқу туралы анықтаманы алу тәртібі;
•Жатақханаға орналасу талаптары;
•Академиялық саясат пен академиялық күнтізбенің негізгі қағидаттары.
 
Сонымен қатар, Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы – А.А.Ризаходжаев студенттерге халықаралық серіктестік бағдарламалары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және шетелдік жоғары оқу орындарымен алмасу бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берді.
 
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алды. Университет басшылығы білім алушылардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
 
Іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі форматта ұйымдастырылды.
Share this Post