Қызға құрмет – ұлтқа құрмет

23.02.2026 күні оқу ордамызда Жаратылыстану-ғылыми факультетінің ұйымдастыруымен «Қызға құрмет – ұлтқа құрмет» тақырыбында білім алушыларға арналған тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық тәрбиені дәріптеу және қыз балаға деген құрметті арттыру.

Кездесу барысында FENOMEN.kz мектебінің кітапханашысы, Отбасы хрестоматиясы қоры өкілі Асылзат Асханбекқызы мазмұнды лекция оқыды. Спикер ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, қыз баланың қоғамдағы орны мен мәртебесі туралы ой қозғап, білім алушылармен еркін пікір алмасты.

Тағылымды кездесуде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, рухани құндылықтар жайында терең мағлұмат алды.

Аталған шара жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға, қыз балаға деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік мәні бар басқосу болды.

Share this Post